Данияр Алшынов – сектаға кіріп кеткен. Бәріне кінәлі – мыс-мыс ақша!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күллі Голливудтың басын қосқан Emmy Awards-2023 қызыл кілеміне Данияр Алшынов – өзі басты рөлін сомдаған Францияның «Инфинити» атты сериалын жасаған командамен барды. Маңызды кештен тыс қалуы да мүмкін еді. Себебі...

Данияр Алшынов, актер:

- Эмми марапатынан келдіңіз, сапар қалай болды?

- Америкаға, жол өте ұзақ және самолетка кешігіп келдім. Сондықтан аэропортта қалдым.

-Э ммидің қызыл кілемінен қандай әсер алдыңыз?

-Өте-өте керемет, көп Голливудтың актерларын көрдім, эмоцияларымс өте-өте сондай «over the tap» Американецтер айтқандай. Өте жоғары деңгейлі ивент, сондықтан әрине есімде қалады.

- Фестивальдерге барсаңыз да, шетелге барсаңыз да үнемі жарыңызды алып жүресіз. Әйеліңіз сіздің талисманыңыз деп айта аламыз ба?

- Әрине әрине. Менің талисманым, менің жүрегім, менің махаббатым, менің ажарлы жұбайым.

Ажарлы жұбайымды енді үнемі ертіп жүремін дейді актер. Бүгінде бірнеше халықаралық жобалардан ұсыныс алған. Енді әлемнің ірі қалаларында айлап тұратын болады.

Данияр Алшынов, актер:

- Түркияның бір үздік режиссеры, оның бірінеше фестивальдерде Карна фестивальде алтын жүлделерді алған. Сол режиссердің екінші проекті, 4 жыл дайындаған және маған жазды, мен сені Қазақстандық авторлық кинода көрдім фестивальде. Инстаграмда жазған.

Актер халықаралық жобалар – менің Голливудтағы арнайы агенттерімнің еңбегі дейді. Жаһандық киноларға түсуді жалғастыра бермек.