Ешкім күтпеген коллаб! Садраддин МузАРТ-пен бір сахнада! Аренаны лық толтырған хитменнің рок жанрында ән айтқаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim

– Араға жыл салып Садраддин үлкен аренаны қайта жинады. Оның әрбір әні хит, нағыз феномен. Бүгінгі кештің басты ерекшелігі қай ән орындалатынын көрермен өзі шешеді.

12 мың адам. Жанды дауыстағы концерт. Екінші рет солд-аут. Бұл жолғы кеш форматы түрлі экспериментке толы болды. Садрдың не киіп шығатынын, қандай ән орындайтынын арнайы білезік арқылы көрерменнің өзі шешіп отырды.

Sadraddin, музыкант:

– Басқа жанрларда ән айтып көрдіңіз. Ең қатты көңіліңізден шыққаны қайсысы болды?

«Басқа адам» рок жанрында, рок версияда. Өте қатты ұнады, және де айтуға ұмытып кеттім «Ақ көйлек» R&B нұсқасында. Мүмкін соны жарыққа шығарсам ба деген ойым бар.

– Алдағы уақытта басқа жанрларда ән айту ойда бар ма?

– Иә, өте көп. Алдағы уақытта көре жатарсыздар. Қазір көп деген материалдар жазу барысындамыз.

Бұл кеште Садраддиннің тағы бір бала күнгі арманы орындалды. Ол – «Музарт» тобымен бір сахнада өнер көрсету еді...

Sadraddin, музыкант:

– Ешкі күтпеген коллаб. Неге Музарт?

– Себебі Музартты біз бала күнімізден тыңдап өскенбіз. Барлығымыз жақсы көреміз. Ағаларымызбен бірге керемет дуэт болды деп ойлаймын. Ұсыныс біздің тарапымыздан болды. Ол кісілер қабыл алып, осындай концертімізге келді.

– Кештің нағыз энергиясы – көрермен. Садрфандардан артық ешкім сезіне алмайтын шынайы эмоция шексіз махаббат. Ендеше сол vibe-ты бірге сезініп көрейік.

Ұлбосын Шалқарова, актриса:

– Мен өзімді шақырдым, ол өзін шақырды.

Олжас Нұрбай, кинорежиссер:

– Жоқ мен оны, ол мені шақырды.

– Кеш қалай болып жатыр? Көңілдеріңізден шығып жатыр ма?

– Жақсы-жақсы, керемет.

– Өте керемет. Керемет дайындық болған. Жаңа уровень.

– Баланы қайда қалдырдыңыздар?

– Ата-апасымен

Аңсаған Садирханов, стендап-комик:

– Садраддиннің фанатысыз ба?

– Иә

– Қай әнін сүйіп тыңдайсыз?

– «Қанша күн»

– Бүгінгі концерт қалай болып жатыр. Ұнап жатыр ма? Әсеріңізбен бөлісіңізші?

– Концерт өте күшті болып жатыр. Әртүрлі форматта. Сағынып қалған әндерді тыңдап. Садраддиннің мен стадиондағы концертіне бара алмай қалдым. Сол үшін мен осы күнді көп күттім.

Bibomen, блогер:

– Концерт өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Жаңа ғана Садраддин өзімнің сүйікті өлеңімді орындады, «Бақыт» деген.

Razziyuwa, блогер:

– Иә, маған да өте қатты ұнап жатыр. Бірінші рет көріп тұрмын осындай форматты. Өте ерекше форматта. Күшті болып жатыр бәрі.

Рок, R&B, афро және дәстүрлі музыка. Бұл осы концертте Садраддин ән шырқаған бағыттар. Ерекше шоуға айналған бұл кеш тыңдарманды түрлі эмоцияға бөлеп, жаңа деңгей көрсетті десек артық емес.

Sadraddin, музыкант:

– Әсеріңізбен бөлісіңізші?

– Әсерім өте керемет. 2 жыл өтті. 2 жылдан кейін сол жаңа сахнада тұрып, мен ән айту барысында сол кездер есіме түсті. Ол кезде мен шынымен де жас болған екенмін негізі. Көп заттарды дұрыс түсінбедім. Қазір тұрып өте күшті керемет көңіл-күйдемін.

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim

– Садраддин тек сахнада ғана емес, сондай-ақ әрбір жүректе. Бүгінгі кеш бір ортақ сезімнің толқыны болды.