Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova
– Біз «Қайын ата күйеу бала» фильмінің премьерасындамыз! Романтикалық комедияда басты рөлді ойнайтын Аделина Ералиеваның жүрегіне екі бірдей сері таласады. Атап айтсақ, арудың фильмдегі сүйіктісі Қуаныш Жылжақсынов пен шын өмірдегі болашақ жары Алдияр Қуанышов. Бикештің таңдауы кімге түсер екен?
Қазақ киноиндустриясында ене мен келін жайлы картина жетерлік. Ал бұл жолы режиссер Ален Ниязбеков бастаған шығармашылық топ қайын ата мен күйеу бала арасындағы байланысты комедия арқылы көрерменге жеткізді.
Ален Ниязбеков, режиссер:
– Біз жеткізгіміз келген басты ой – қазіргі уақытта екі буын өкілдері арасында үлкен қақтығыс жүріп жатыр. Фильмде біз осы тақырыпты қозғаймыз: ата-аналар баласына ең жақсыға лайық көреді, бірақ кейде ең дұрысы – еркіндік беріп, баланың өз жолын өзі таңдауына мүмкіндік жасау.
Аға буын өкілі мен жас өнерпаздар біріккен шығармашылық ұжымда түсініспеушіліктер орын алып та үлгерген. Бұл жайлы актриса Аделина Ералиева толығырақ бөлісіп, тәжірибелі актерлермен жұмыс істеу оңайға соқпағанын алға тартты:
Аделина Ералиева, актриса:
– Әділжан ағадан кішкене ескертулер жасады. Ол кісі енді қатал. Сөздер, диалект қолданбау, дұрыс анық сөйлеу керек. «Бе», «ме» дегендерді дұрыс айта алмаймын. Сол себепті Әділжан аға маған ескерту жасады. Бір емес, екі рет, үш рет жасады. Сосын мен уже кәдімгідей жылап қалдым.
Десе де актрисаға тек тәжіриебенің жетіспеушілігі ғана емес, салқын ауа райы кезінде өткен түсірілім күндері әбден әбігерге салған.
Аделина Ералиева, актриса:
– Өрт кезінде, мен жерде тыныс ала алмай жатып қаламын. Сол кезде бірнеше дубль болды. Ал маған қозғалмай жату керек. Арқама суық үрлеп жатыр. Негізі қыз балаға өте қиын. Қиналдым қатты.
Қуаныш Жылжақсынов, актер:
– Маған да шынымды айтсам сол өрт сахнасы қиын болды. Өйткені ол жерде жатқан Алдиярды көтеру керек болды. Ол есінен танып қалған. Алдияр көріп тұрсаңыз салмағы менен көбірек. Сол кезде арқам енді ауырып жүр еді. Көтеріп қалған кезде одан бетер кетті ғой.
Еске салсақ, лента 2 жыл бұрын небәрі 15 күнде таспаланған. Алайда картина авторлары премьера уақытын 3 рет кейінге шегеріпті. Себебі:
Ален Ниязбеков, режиссер:
– «Tiger Films» прокат уақытына өте қатты мән береді. Себебі фильмнің сапасына қарамастан, көрсетілім күні оның табысына тікелей әсер етеді. Сол үшін де премьераны тиімді уақытқа шегеру туралы шешім қабылданды.
Айта кетейік, фильмде басты рөлді сомдайтын Алдияр Қуанышев пен Аделина Ералиева бүгінде ресми жұп. Тіпті ғашықтар таяуда ғана сөз байласып қана қоймай, Дубайға барып некелерін қиып келді.
Алдияр Қуанышев, актер:
– Бұл – мен жұбайыммен танысқан жобалардың бірі. Дәл осы фильмнің түсірілім алаңында Аделина екеуміз бір-бірімізді жақыннан тани түстік, енді міне отбасын құрдық.
– Әйеліңіздің алдағы уақытта киноға түсуіне қарсы емессіз бе?
– Жоқ. Әрине жоқ. Бірге түсеміз!
Аделина Ералиева, актриса:
– Той 0азанда болады. Ұзату сол қазанның басына қарай. Дайындық қызуда.