Әлемге жаңа қауіп төніп тұр. Ал бұрынғы «Кек алушылар» сахнадан кеткен. «Громовержцы» – қаһарман болуға лайық емес деп танылғандар. Бірақ енді Жер бетін қорғау дәл осы топқа жүктеледі. Марвелдің жаңа батырлары «Кек алушылардың» орнын баса ала ма? Бірге білейік.
M’DEE, музыкант:
– Меніңше, олар әлдеқашан «Кек алушылардың» орнын басты.
Айтбек Амангелді, құқық қорғаушы:
– Меніңше, олар «Кек алушыларды» жақсы толықтыратын секілді. Трейлерге қарасам, бұл жолы фильм айтарлықтай көркемделмеген, сәл дөрекілеу, панк стильде сияқты. Соңғы кезде Marvel фильмдерінде байқалатын әдемілік мұнда жоқ. Бастапқы шыққан кезіндегідей шынайы форматта түсірілген секілді.
Шыңғыс Ермек, стендап-комик:
– «Мстительдер» сияқты мүмкін өз жанкүйерін, бір көрерменін табар бұл туындыда. Бұны Мarvel-дің «Отряд самоубийц» деп айтады көп жаңағы фанаттары. Көңілден шыққан, екінші тараптағы кейіпкерлер жиналып, оларға мүмкіндік беріледі деген дүние.
Авторлар бұл картинада әдеттегі формуланы бұзуға тырысқан. Әзіл мен экшн қатар жүретін туындыда көрермен батырлықты ғана емес, адам бойындағы қарама- қайшылықтарды да көреді.
Аутсайдер-қаһармандар тобы Елена Белова, Баки Барнс, Қызыл Қорғаушы, Елес, Таскмастер және Джон Уокерден құралған. Marvel-дың бұл жолғы эксперименті сәтті болды ма, жоқ па – бұл сұрақтың жауабы тек үлкен экранда
– Біз енді ғана фильмнен шықтық. Өте ұнады. Спойлер жасамайын, бірақ соңғы уақытта шыққан MARVEL фильмдерінің ең жақсысы деп ойлаймын.
– Фильм маған өте қатты ұнады. Күлкілі, және де өте мағыналы болды.
– Маған әсіресе, апатия мен депрессия күйі өте керемет суреттелгені ұнады. Кейіпкердің одан қалай шығатыны да жақсы көрсетілген.
– Ұнады, қызықтырды. Титрдан кейінгі сахна мүлде керемет болды. Сондықтан келесі бөлімдерді күтемін.
Алматыда ауқымды түрде ұйымдастырылған премьера жай ғана фильмнің жабық көрсетілімі емес. Бұл Қазақстан кинонарығы жаңа деңгейге өтуге дайын екенінің дәлелі іспеттес.
Санжар Мәди, актер:
– Әлемдік премьералар – ең алдымен, біздің де осындай деңгейге қауқарлы екенімізді көрсетеді. Оны жасау керек екенін, және біз де басқалар сияқты сапалы дүние шығара алатынымызды дәлелдейді.
Айтбек Амангелді, құқық қорғаушы:
– Кино мен теледидардан көретініміз – ең алдымен, мәдени дамудың бір бөлігі. Біз кей нәрсені басқаша жасауға болатынын көреміз, жаңа мүмкіндіктерді байқаймыз.