Бір жыл бұрын ұлына қыздардың суретін тасып, белсенді түрде келін іздеген Сәкен Майғазиев бүгінде арманына жетіп, жаңа статус иеленді. «Қайын ата» атанған қазақ мэтрі үлкен той алдындағы дайындыққа кірісіп те кеткен.
– Сәкен ағамыз жаңа статус иеленіп жатыр, жақында қайын ата боласыз, әлеуметтік желі жұртшылық шулап жатыр қандай әсердесіз жалпы? Келін қай өңірдікі дегендей?
– Құдай қаласа той иісі шығып тұр, ауылы алыс емес. Осындай той сіздерге де жұғысты болсын. Кеше ғана дүниеге келген баламыз, 27-ге 5-ақ минут қалған кезде шаңырақ көтергелі тұр. Құдаларымыз енді батыстан. Сол Алла нәсіп етсе сол жақпен құда болғалы жатырмыз,
Әділет Майғазиев сүйіктісіне ұсыныс жасау үшін әдемі датаны таңдаған еді. Әділеттің болашақ жары Әдия Мәулен есімді ару мамыр айының 5-жұлдызы күні әлеуметтік желіге «I saіd yes!» деген жазумен фотосуреттер жүктеді. Кейіннен Майғазиевтер әулетінің келіні 21-де екені мәлім болды.
– Болашақта келінмен бірге тұрамыз деген сияқты бір қалау тілектер бар ма, әлде заманауи еш қандай талап тілектер айтпайсыздар ма?
– Жоқ енді әрине ең бастысы ата ене мен ұл мен келіннің арасындағы үлкен бір түсіністік болу керек, ата енеге деген құрмет болу керек. Енді кейде қалжыңдап сұраймызғой баламнан: « бөлек шыққыларың келе ма? жоқ мен сіздермен бірге тұрамын » дейді. Енді айтқанда біздің былайша айтқанда еркек кіндіктен тұяқ дейміз ғой енді, ізімізді жалғайтын атұстар Әділет болғандықтан бізбен бірге тұрады.
Өнер иесінің айтуынша үлкен той тамыз айының соңына қарай жоспарланып отыр. Ендеше, жақында салтанатты шарадан эксклюзив күтіңіз, көрермен!