Қазіргі заманның балаларының таңдауы мен талғамы бөлек. Сол үшін де олармен тіл табысу ескінің адамдарына оңайға соқпайды. Осы тұста өнер иелері кішкентайларымен бір толқында болу үшін қандай тәсілді ұстанады? Шоу-бизнес өкілдері бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөледі?
– Менің жарым айналысады. Менің жарымның жалпы сол оқыған оқуы да сол – балалардың психологиясы. Сондықтан әр баламызға әр жаста өзінің жаңағыдай 3 жастан 4 жасқа дейін жаңағы өзінің балалық кризисі болатынын бәрін келіншегім біледі және соған қарай жұмыс істейді.
Руслан Тай, стендапер:
– Енді отбасы да шаруа ғой негізі. Иә, мен отбасыға, бала-шағама шаруа ретінде қараймын. Кешкі шаруа біткеннен тиісінше уақытымды жанұяма арнаймын.
Ал актриса Жанаргүл Жаныаманова «бала ортақ болған соң, тәрбие де де сәйкесінше теңдей бөліну керек!» - деген пікірді ұстанатынын алға тартты:
Жанаргүл Жаныаманова, актриса:
– Жалпы қазіргі қоғамда әйел адамға көбірек мойынына артып қояды ғой балаларды. Ал бізде 50 де 50. Рүстем де, мен де екеуіміз бірдей тәрбиелейміз. Мен де бірге алып жүремін театрға. Олар кішкентай кездерінен сахнада өсті. Рүстеммен бірге түсірілім алаңында барады.
Бала тәрбиесі – әркімнің түсінігінде әртүрлі. Десе де өнер өкілдерінің пікірінше ең басты қағида, ол:
Фариза Ескермес, актриса:
– Жақсы көру керек баланы. Тек қана жақсы көру керек. Болды, сол. Ең үлкен махаббатыңды бере алсаң міне сол ең бастысы деп ойлаймын.
Ерден Телемисов, актёр, каскадёр:
– Ең бастысы — тыңдай білу, олардың не қалайтынын түсіну, шын жүректен сүю және ата-ана рөлін ойнамау, керісінше, шынайы дос болу. Өйткені менің қыздарым — ең алдымен, менің достарым. Кейде олар өздері хабарласып: "Әке, анама айтпа, ол қалай қарайтынын білесің ғой", — дейді.
Күні кеше 1- маусым Балаларды қорғау күні болды! Ал біз өнер өкілдерінен кішкентайларын әдетте мерекеде қандай сый тарту етіп, қалай қуантатынын сұрап білдік:
Ғазизхан Шекербеков, әнші:
– Енді бәріміздікі сол бір ғой. Балаларды қыдырту соларды ойнайтын жеріне апару, болмаса тауға шығару, болмаса айтып жүрген ойыншықтарын әперу деген сияқты солардың көңілі. Ол күні енді олар қайсысын айтады, сол болады.
– Біз Ақтөбеге барып, Сабырдың тойын жасаймыз. Жақында сүндетке отырғызғанбыз.
Жанаргүл Жаныаманова, актриса:
– Жыл сайынғы біздің дәстүрге айналған театрымыздан балалар қойылымына билет беріледі. Сол қойылымға апарамын үш баламды да. Сол жерден шығып ойнаймыз. Сонымен күні бойы сондай мерекеге айналады.
Жансая Мұратбекова, стендапер:
– Қызымды бір табиғат аясына алып шықсам дегенмін. Ол енді балабақшаға барады, оның үстіне қыдырғанды өте қатты жақсы көреді. Мен өзім осындай процесстердің барлығында алып жүремін көбіне. Стендапта да алып жүремін.
Ал танымал сценарист балалар күнін бүлдіршіндерімен бір келісімге келіп, кеш тойлайтынын жеткізді. Себебі:
Марат Алибаев, актер, сценарист:
– Әрине, бала-шағаны ол күні енді ешқайда алып бара алмаймыз, өйткені аквапарк те, ойын-сауық алаңдары да барлық жер лық толы болады. Біз оған дейін, болмаса одан кейін барамыз кішкене адам саны азайған соң... Бала-шаға да біліп алды оны. "Папа, кішкене күте тұрамыз ғой, иә 1-2 күн" деп.