«Остров. Ұмытылмас саяхат» фильмінің бас актрисасы Мадина Оспан кезекті рөлі үшін өлім аузынан қалғаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Шетелде кино түсіру қазақтарға әшейін сәәән ғой. Бұл жолы Тайландта таспаланған «Остров. Ұмытылмас саяхат» картинасы несімен ерекшеленбек?

Қомақты көлемде ақша ұрлады деп айыпталған Еркебұлан Тоқтар мен Мадина Оспан өздеріне тағылған кінәні ақтап шығу үшін экс-бастығын табуы қажет. Бұл жолда олар елсіз аралға тап болып, біраз қиындықты бастан кешеді. Бұл «Остров. Ұмытылмас саяхат» картинасының концепциясы. Оқиға желісі Алматыдан бастау алып, Тайландта жалғасын табады.

Мадина Оспан, актриса:

– Ұмытылмас саяхат сіздің есіңізде несімен қалды?
Ұмытылмас саяхат мен үшін съемкадан бөлек, аяғым ауыр болып түскеніммен есте қалады. Және де түсірілім бітіп қайтып келе жатқан кезде ұшағымыз әрең қонған болатын. Сол сәтте өмірмен қоштастық деп ойладық.

 

Актриса бұдан бөлек біраз қиындықты бастан кешкен. Тіпті аяғы ауыр екендігіне қарамастан, ең үлкен қорқынышымен бетпе-бет келуіне тура келген.
Мерей Маханов, режиссер:
– Мадинаның фобиясы жылан екен. "Мадина түсірейікші өтініш түсірейікші осы сахнаны, просто айқайлай саласың, саған жақындамайды, уайымдама" деп. Ол Мадинаның артында жылан тұрады и Мадина бұрылып қарау керек. Сол сәтке қатты переживать етіп, площадкаға жақындаудың өзі. Кадрды қойып қойғанбыз, жыланды әрең тұрғызғанбыз, ол түсіп кетеді, жыбырлап ағаш бойлап әрі қарай қашып кетеді. Сол сәтте әрең дегенде әйтеуір тоқтатып түсіріп жаттық.

Ал картинада басты рөлдегі шенеунік Ерғалиді ойнайтын Сафуан Рысбайұлы жаңа образы үшін имиджін өзгертіп, біраз салмақ қосқан.
Сафуан Рысбайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер:
Ең бірінші имиджіңізден бастағым келіп тұр. Осы фильм үшін өзгерттіңіз. Қанша жасқа жасардыңыз?
Қанша жасқа жасарғанымды білмеймін, ішім сол Сафуан. Бірақ енді бәрі айтады "жасарып кетіпсің, жасарып кетіпсің" деп. Өзіме ұнап қалды. Иә осы «Остров. Ұмытылмас саяхат» фильміне байланысты режиссердің шешімімен және гримерлердің талабымен осындай шашыма химия салып, кішкене имиджді өзгертті.
Сізді көп дубль жасады деп айтты?
Иә, себебі мен барған күні бірінші кадрды сол жүгіруден басталғанбыз. Менің аяқ-киімім жайсыз болуының салдарынан мен бірінші күні жарақат алдым. Одан кейін содан бастап сол жүгіруге қатысты әрбір сахнада орманда, теңіздің жағасында, кемеге барғанда солардың бәрінде маған өте қиын болды. Кәдімгі өте қиын болды. Көзімнен жас шыққандай жас шығып тұрып жүрдім шынымды айтсам.

Комедиялық лентаның саундтрегі ретінде Ақан Серінің «Балқадиша» әні таңдалған. Режиссердің айтуынша, бұл бас актердің шешімі болған.
Мерей Маханов, режиссер:
Өйткені Сафуан ағаның өзі «сол әнді айтқым келіп тұр» деді. Өйткені адам өзі сондай бір күйзелісте, шынайы өзін шын жан-дүниесін өзінің эгосымен бетпе-бет қалған кезде ол өзіне жанына жақын дүниені істейді, ән айтады, деген сияқты. Сол себепті осы әнді айтуға өзі ұсыныс тастады. Сосын қалдырдық.

 

Туынды жемқорлықтың соңы жақсылыққа апармайтынын жеткізеді. Актерлер үшін біраз қиындық тудырған картина көрермен көңілінен шыға ма ол уақыт еншісінде, ал фильмді алғаш болып тамашалағандар мынадай пікір білдірді:
Олжас Әлжан, актер:
Кино кәдімгідей өте керемет болып шыққан екен шыны керек. Осы киноны «Островты» асыға күттім. Актерлық составы, сценарий барлық жағынан барлық жағынан керемет ұнап тұр.
Олжас Тоғымбет, актер:

Өте ұнады. Сюжетная линиясы, сценарий. Енді «10 күнде түсірдік» - деп айтты, енді мынандай жобаны 10 күнде түсіру шынымды айтайын мықты. Еркебұлан жаңа ғана да айттым басқа қырынан көрсетті. Еркебұлан, жарайсың!