6 ай бұрын «НТК» арнасында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қозғайтын «Шыда» телехикая жарық көрген еді. Өзекті тақырып ешкімді бей-жай қалдырмаған сыңайлы. Туынды көрерменге жол тарта салысымен рейтингі аспандап, YouTube видеохостингіндегі әр бөлімінің қаралымы 2 млн-нан асты. Енді міне киносүйер қауымның сұранысы бойынша 2-маусымы таспаланбақ.
Дәулет Бекмағамбетов, режиссер:
- Бұл маусымда жаңадан қосылған кейіпкерлер ол өзінің жігітінен таяқ жеп жүрген қыз бар. Оның әкесі бар. Қызықты линиясы қызық. Кейіпкерлердің де образдары қызық деп ойлаймын көрерменге. Ол жерде алдында күйеуі мен әйелінің, бұл жолы неке құрмаған қыз бен жігіттің арасындағы қарым-қатынасты көрсетеміз.
Қуаныш Құдайберген, актер:
- Өзім актер ретінде арасында қанша жауыз болғанмен де баласына деген қарым-қатынаста, бір адамға деген қарым-қатынаста түзу керек деп ойцлаймын. Сол бағытта көбірек жұмыс істегім келеді. Бірінші сезонда да солай істегенбіз. Анасымен сөйлескенде, бәрібір еркек адам қанша ажуыз босла да жібіп тұрады. Сол жағын көбірек жасайтын шығармыз. Көреміз..
Бас кейпкері Қуаныш Құдайберген алғашында телехикаяның бұл маусымына түсуден бас тартқысы келген. Себеп - көрерменнің рөлін шынайы қабылдап, хейт жаудыруы. «Бастаған істі соңына дейін жеткізу керек болған соң амалсыз келістім», - дейді өзі.
Қуаныш Құдайберген, актер:
- Енді үшінші маусымға келіспейтьін шығармын. Үшінші сезон түсірсек сценарий бойынша өзгеріс айтам. Ұсынысымды қабылдаса может..
Ал Меруерт Құлсартова жоба жалғасса білек-сыбана кірісуге дайынмын дейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған арулардың жан сырын жеткізетін актриса осындай маңызды мәселені қозғайтын жобаның бөлшегіне айналғанына дән риза.
Меруерт Құлсартова, актриса:
- Психологиялық жағынан өзгеріс бар. Себебі Айша бірінші сезонда ұян болды, закрытая болды. Осы сезонда керісінше ойын анық жеткізе алады, өзі үшін тұра алады, Баласы үшін тұра алатын персонаж болайын деп тұр.
Бұл маусымда Айшаның образы да өзгереді екен. Кейіпкері көрерменді жаңаша стилде таңғалдырғанымен «6-бөлімнен кейін оқиға қайта сол арнаға түседі» - дейді актриса. Таяқтан көзі ашылмаған ару қалайша Аршатқа сеніп, құрығына қайта оралмақ? Жауабын жуырда НТК арнасынан біле аласыз!