Хитмен Ильхан Ихсан алғашқы соло концертін аншлагпен өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim

– Әр сөзі сезім, әуені жүрекке жетер үн. Оның шығармашылығы махаббат пен мұңды әдемі тоғыстырады. Әндері романтикаға толы Ильхан Ихсан бүгін үлкен аренаны жинап, алғашқы жеке ән кешін өткізуде.

Шығармашылық жолын «Неге маған арман?» деп бастаған музыкант ең үлкен арманының бірін іске асырды! 12 мың адам, жарқын эмоция, шынайы махаббат. Бұл кеште Ильхан тыңдарманымен еркін тілдесті.

Әдия, жанкүйер:

– Біз қазір Ильханның кішкентай ғана фанатын байқап қалдық. Қазір онымен сұхбат құрып көрейік. Атың кім?

  • Әдия
  • Жасың қаншада?
  • Мен 8-демін
  • Ильханды қашаннан бері тыңдайсың?
  • Мен кішкентайымнан тыңдаймын.
  • Қандай әнін сүйіп тыңдайсың?
  • Марс, көп әндерін жақсы көремін.
  • Байқап тұрмын, подарка дайындап кепсің, көрсете аласың ба?
  • Иә, мен көптеген заттар алдым.
  • Сыртында Ильхан Ихсан деп жазып қойыпты. Ішінде неше түрлі тәттілер. Ильханға арнап хат жаздың иә, оқып бере аласың ба?
  • Мен Ильхан ағамен ән айтқым келеді. Сол туралы жаздым.

Махаббатқа толы кеш ерекше әсер сыйлап қана қоймай, сезімдер тоғысқан алаңға айналды. Концертке жұп болып келгендер үлкен өмірге деген алғашқы қадамдарын жасап үлгерді.

Кештің ең әсерлі тұсы Ильханның жаңа альбомындағы «Әке» трегін орындауы болды. Музыкант әнді толық айта алмаса да, жанары жасқа тола отырып, әкесінің көзіндей болған домбырада ойнады. Дәл осы сәт ешбір көрерменді бей-жай қалдырмағаны сөзсіз.

Ильхан Ихсан ерекшелікті сүйетін әнші. Сол бір тұсын тілге тиек етіп, кешті жанды дауыста сүйемелдеген музыканттар жайлы сөз қозғайық. Ихсан-тегі өнерпаздарды арнайы Түрік елінен алдырған.

Ильхан Ихсан, музыкант:

- Бұл кімнің ұсынысы болды, келісім қалай жасалды?
- Өзім алдырттым. Мен оған дейін «Бір айда», «Әке» деген әндеріме олар жаңағыдай скрипка ойнап жүрген. Содан мен оларды шақырттым.
- Енді байқадым, сахна ерекше. Сахнаның астынан шықтыңыз барлығы жанды дауыста өтті, құпия болмаса қанша қаржы жұмсалды осы концерт үшін?
- 50-55-тің ар жақ бер жағы шығар.
- Солдаут жинаймын деп күттіңіз ба?
- Солдаут болады деп мүлде ойлаған жоқпын, кеше концертке бір күн қалғанда сондай керемет жаңалық келді. Концерт басталғанға дейін, тіпті әзірге дейін мүлде сеніп тұрған жоқпын, әлі жаңа айтып жатырмын түсім сияқты концерт бүгін емес ертең болатын сияқты сондай сезімде тұрмын қазір.
Кешке еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін келген. Барлығы Ильханның шынайы жанкүйері екенін көрсетіп, музыкантқа барынша қолдау көрсетті.– Ильхан несімен ерекше, не үшін сендерге ұнайды?
- Даусымен.
– Сүйкімділігімен
– Ильханды қашаннан бері тыңдайсыздар?
- «Неге арман» әні шыққалы бері.
– Жасыңыз қаншада?

- Жасым 46-да. Жастардың аурасы, позитивтары өте қатты ұнады. Концерт өте жақсы өтіп жатыр.
Ильхан Ихсан, музыкант:

- Енді осы концерттен кейін демаласыз ба әлде арты турмен жалғаса ма?

- Жоқ, алты-ақ күн демалыс бар. Ары қарай турмен қазақстан бойынша турға шығамыз. Әзірге ұмытып қалдым, афиша шығады. Афиша шығады, көп қала бар. Он шақты қала бар.
Ендеше, есте қалар эмоция сыйлайтын кештен қапы қалмаңыз, көрермен.