Ел аузындағы бизнесмен әрі Баян Мақсатқызының жары Тұрсен Алагөзов енді подиумда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

Бүгінгі сән көрсетілімі мүлдем бөлек! Бұл жолғы кеш жаңа топтамалармен емес, подиумдағы жұлдыздармен ерекшеленбек. Атап айтсақ, Дамелия Суит, Турсен Алагузов, Сабина Мовлаева. Сонымен қатар, Қайрат Нұртас, Берік Айтжанов, Шерхан Пірназар сынды танымалдардың сұлу қыздары бой көрсетеді!

 

Белгілі дизайнер Назым Карпыкова «ARUNAZ» брендінің кезекті жаңа топтамасын ұсынды. Дайындыққа 2-ай көлемінде уақыт кеткен-ді. Айта кетейік, бұл жолы көрсетілімде 90 кәсіби емес модельдер бой көрсетті:

Олар гонорар сұрады ма?

Назым Қарпыкова:

– Жоқ, гонорарды керісінше маған беріп жатыр.

– Кімдер берді?

– Бәрі. Себебі біз қайырымдылық показын жасадық қой. Сондықтан мынандай үлкен шараны жасау үшін де бір осы 1 сағаттық көрсетілім 60 миллион теңгеге шықты.

 

Жомарттығының арқасында халықтың сүйіктісіне айналған белгілі кәсіпкер әрі Баян Мақсатқызының жары Тұрсен Алагөзов та өзін модель ретінде сынап көрді.

Назым Қарпыкова, дизайнер:

– Енді ол үлкен маркетингтік қадам. Көбінесе тіпті шетелде сіздер көп сән көрсетілімін қарасаңыздар, бойға, жасқа қарамай танымал, мықты, біздің елімізге, жерімізге бір пайдасы тиіп жатқан жандардың бәрін сахнаға, осындай подиумға шығарады.

Damelya Sweet, блогер:

– Бізді негізі шум, контент үшін шақырады бізді. Сол себептен дайындықсыз, шынайы, еркелеп жүреміз подиумның алдында.

 

Damelya Sweet «Бұл хейтке тіпті мән де бермеймін» десе, блогер Асия Тұяқова халықтың сынынан жүрексінетінін жасырмады:

Assiya, блогер:

– Мен блогер, еще +size. «Бұны қалай жібердіңдер подиумға» деп ертең солай шығатын сияқты менің ойымша.

 

Фэшн-шараға қатысқан әнші Назима отандық дизайнерге толығымен сенім артса, блогер Сабина Мовлаева көйлегіне толықтай көңілі толмаған-ды:

Назима, музыкант:

– Назым бәрін өзі тікті. Ол менің өлшемімді біледі. Бір апта бұрын барып, образымды киіп көрдім. «Бәрі жақсы.Мен саған сенемін» деп айтым да, алаңсыз кетіп қалдым.

Сабина Мовлаева, блогер:

– Мен де идеямды қостым. Негізі басында басқа образ тігіп жатқан ғой маған. Мүлде ұнаған жоқ маған. Содан кейін айттым басқаша тікті Назым.

 

Сән көрсетілімінде Kalifarniya мен Грузиядан арнайы келген Niko`s Band өнер көрсетті. Басты хедлайнер – әйгілі опера әртісі Зарина Алтынбаева. Ал кештің тізгіні Луинада. Айта кетейік бұл кеште балаларға арналған жаңа коллекцияны танымал жұлдыздардың балалары таныстырды.

 

Жұлдыз Абдукаримова, актриса:

– Ұсыныс түскенде балалар да жүреді деді, подиумға шығады. Келісесің бе? деді. Ал менің енді өздеріңіз көргендей екінші қызым мен бірінші ұлым шығармашылықтың адамы болғандықтан оларға айттым: «Шығасыңдар ма?» деп. Олар келісті.

– Бұл ұсынысты сіз қалай қабылдадыңыз?

Нарұл Қайратұлы, Қ. Нұртастың ұлы:

– Маған бәрібір болды. Себебі, анам айтса мен барлығын істеймін. Себебі анамды қатты жақсы көремін.

Алау Қайратқызы, Қ. Нұртастың қызы:

– Маған анам айтты: «Болды, барамыз» деп. Алматы қаласына деп. Мен таңқалдым әрине, бірақ келістім.

Шерхан Пірназар, актер:

– Ұсыныс қалай түсті, қашан түсті, қалай қабылдадыңыз?

– Енді қабылдағанда, басында енді қабылдауын қабылдайсың ғой. Кейіннен енді мына жердің атмосферасын көргеннен кейін ойланып қалдым мен бекер қабылдаған екенмін деп. Өйткені подиумға бірінші рет шығып тұрмын. Қызым да бірінші рет аяқ басып тұрмыз. Сол себепті кішкене қобалжу бар енді.

– Қалай қабыл алдың ұсынысты? Не деп айтты?

Асылым Берікқызы, Б. Айтжановтың қызы:

– Айтты: «Шығасың ба?» деп. Мен айттым: «Иә».

– Арнайы дайындалдың ба осы подиум үшін?

– Иә.