Күнікеше Алматыда заманауи этникалық музыка өкілдері The spirit of Tengri фестивалінде бас қосты. Италия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания мен біраз көршілес мемлекеттен келген өнерпаздар Абай алаңында жиналған жұртшылықты әуенмен тербетті.
Константин Головин, The Spirit of Tengri фестивалінің бас продюсері:
– Шараның ауқымын келген жұрттың қарасынан-ақ аңғаруға болады. 100 мың көрермен келеді деп күтілуде. Қазірдің өзінде шамамен 50 мың адам жиналды.
2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан фестивальдың тұрақты көрермендері жетерлік. Шараға арнайы образ дайындап келетін жанкүйерлердің қарасы биыл артқан.
Кеше осы аралықтан өтіп бара жатып, фестивальдың атмоферасына тәнті болдым. Екі күн қатарынан болатынын естіп, бүгін арнайы дайындалып келдім. мына образдарды ежелгі түркі және славян халықтарының мәдениетінен шабыт алып жасадым.
– Мен фестивалге 2017 жылдан бері келемін. Жыл сайын түрлі образ дайындаймын. Бүгінгі лук менің ішкі күйімнен сыр шертеді.
– Мына басымдағы фестивальдің туын 2018 жылы келгенде алғанмын. Жыл сайын келетін тұрақты көрерменмін десем де болады. Арсен суперфлай мен «Ay Yola» тобы үшін келдім.
Ашық аспан астында өткен кештің шымылдығын ашу мәртебесі АРО-ға бұйырды. Әнші әлемнің түкпір-түкпірінен келген көрерменге дәстүрлі үнімізді замануи интерпретацияда ұсынды.
ARO, музыкант:
– Күні кеше фестивальдың алғашқы күні өтті. алыс-жақын шетелден, алыстан да келіп жатыр. Жақсы көреміз, өнерлерін құрметтейміз. Бүгін тыңдап, рахаттанбақпыз әрі қарай.
Көптің күткені «Ұмай» әнімен музыкалық чарттарда топ бастаған Ay Yola тобы болды. Музыканттардан Қазақстандық артистермен коллаб жасау ойда бар-жоғын сұрадық. Жоспарлары жайлы нақ жауап алмасақ та, ұлттық үнімізді насихаттап жүрген өнерпаздармен сыйластықтарын тілге тиек етті.
«Ay Yola» тобы (Ресей):
– Қазақстандық музыканттармен достығымыз дәл осы spirit of Tengri фестивалінде басталған. Алдаспан, Шарапат, Тұран, Тиграхауд бәрін білеміз. Ал саладағы корифеилер әрине Ұлытау. сол топқа қарап бой түзедік, шабыт алдық.
Кештің хэдлайнері – «Otyken» тобы. Ұлттық аспапптардың көмегімен замануи поп-музыка мен халық әндерінің синтезін ұсынған арулар бір сағат бойы сахнаны жандырып, тыңдарманға энергия сыйлады.
«Otyken» тобы, (Ресей):
– Этникалық фестивалдардың ауқымы кеңейіп келеді. Чарттарды да осы бағаттағы әндер толтырып жатыр. Сондықтан осындай бағыттың бөлігі болғанымызға мақтанамыз.Бүгінгі кеш керемет өтті. Қазақстан қонақжай халық екеніне көзіміз жетті. Тағы келетініміз анық. Қазақстан алға!
Кеш дрондар шоуымен мәресіне жетті. Ашық аспанда Абай, Құрманғазы мен Қорқыттың бейнесі қалықтаған сәтте сахнада ұлттық әндеріміз шырқалды. 2 күнге созылған шара көрерменеді түп-тамырымен байланыстырып, рухани байытқаны сыйлағаны сөзсіз.