Beu Fest! Эксклюзивке толы open air-де 6ELLUCCI тобы бетпердесін шешкені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim

Заманауи қазақ әуенінің келбетіБеу фест сізді жарқын музыкалық әлемге ұшыруға дайын! Борт тізгіні танымал шоумендер Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазинде! Бұл жолғы сапар қандай қызықтарға толы болмақ? Бірге білейік!
Beu ол заманауи музыка.

Beu - ынтымақтастық.

Бұл - жаңа мүмкіндік.

Вот Beu-дің адамдары бееу ғой, пах шіркін!

Трамплин, ашық аспан, хитмендерді тоғыстырған алаң. Алғаш болып кештің шымылдығын ашқан, белгілі музыкант Молданазардың шәкірттері. Инди-фолк жанрында ән шырқаған өнерпаздар аталмыш фестиваль сахнасында тұңғыш рет.

«Kunzharyq» тобы:

Толқып жатырмыз, қуанып жатырмыз. Сезімдер араласып наурыз көже болып жатыр қысқасын айтқан кезде.

Кейіннен тыңдарманның сүйіктісіне айналған тағы бір ерекше дарын иесі, заманауи Шәмші - АРО шықты. Музыкант «Адай» күйіне жазған әнін домбыраның сүйемелдеуімен орындап, сахнаның сәнін келтірді.
АРО, музыкант:
Осы Beu фестивальінде бірнеше жыл қатарынан өнер көрсетіп келе жатсыз. Жалпы бұл фестиваль сізге несімен ұнайды?
Beu фестивальі несімен ұнайды? Бұл жерде құлақ мониторда Леша жұмыс істеп жатыр. Маған сол ұнайды.
Сіздің феномен неде деп ойлайсыз?
Менің феноменім — мына ескі қазақтың өнерін қазіргі жаңаша өнермен байланыстыра білгенімде шығар.

 

Lineup-қа музыка әлемінің ең үздіктерін жинаған фестиваль биыл да таңқалдырудан тайсалмады. Мысалы, Ninety one-дық Аlem ән айтып бастаған сәтте микрофоны қосылмай қалды. Дегенмен, музыкант еш саспай өнер көрсетуін жалғастыра берді.
 

Шараның эксклюзивке толы тағы бір тұсы: «6ELLUCCI» тобының жігіттері бетперделерін шешпесе де, арнайы сұхбат берді.
«6ELLUCCI» тобы:

Жалпы бұл сіздердің фестивальға шығып жатқан бірінші өнер көрсетулеріңіз, иә?
Beu фестивальінде иә.

Жалпы осы 6ELLUCCI-дың шығармашылығындағы ең бір ерекше тұсы бар ма?

Оны тыңдармандардан сұрау керек.

Алдағы уақытта тыңдарманды қандай жаңалықтармен қуантасыздар?
Құпия болып қалсын. Біз өте құпияны жақсы көретін жігіттерміз. Сондықтан түрімізді көрсетпейміз.
– Бүгінгі кешке кім үшін келдіңіздер?

– Sау Мо үшін!
V $ X V PRiNCE

Sау Мо!
V $ X V PRiNCE!
– Sау Мо!

Көп күттірген жұлдыздың бірі – Say Mo! Музыкант сахнада 20 минуттық шоу жасап, басты хэдлайнер V $ X V PRiNCE-ті басып озды десек артық емес. Бұл сөзіме көрерменнің өзі дәлел.
Sау Мо, музыкант:

Енді жаңа шоу жасадыңыз, прям вау болды, от қылдыңыз жауынның астында. Қанша уақыт дайындалдыңыздар?
Менің бишілерім бір апта, мен 2 күнде келіп дайындалып тез-тез.

Мен деген үш рет в шоке болдым.Cоңғы әуен бәріміз отырайық деп бәрі отырды, блин күштісіздер, рақмет! Бәрі қолдады ғой. Отырды да сосын деген секірген кезде мен соңында жылап. Есіме алсам жылағым келе береді.

Киіміңіз осы концерттен қалған ба или арнайы тіктірдіңіз бе бүгінге?

Арнайы тіктірдім. Менің ең басты мақсатым бұл — сахнада – профессионалдығымды көрсету болды. Бұның бәрі с нуля тігілген. Мынаның бәрін кеше, кеше отырып түнімен жабыстырдық, мынаны тоже жабыстырдық. Өзінікі, өндірістікі деген акцент болып қалды кішкене.

8000 адам жауынға қарамастан, билеп, көңіл көтеруді жалғастырып жатыр. Бұл кеште Алматы аспанының өзі қуанышын жеткізіп, бақыттан қосыла жылап тұрған секілді. Ал дәл қазір сахнада:

Осылайша бірнеше сағатқа созылған open ai
r көрерменге ерекше эмоция сыйлап, ыстық естелік қалдырғаны анық.