Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Жаз келсе Алматы жұртшылығының көкке шығып, сейіл құруы әдетке айналған. Соның бірі жыл сайын қала тұрғындарын бір алаңға жинап, ерекше көңіл күйге бөлейтін picnic by partners. Ашық аспан, дәмді тамақ және көңілді атмосфера. Ендеше дәл осы вайбты бірге сезінейік.
«Пикник by Partners» осымен 11 жыл қатарынан өз қонақтарын қуантып келеді. Аталмыш шара қала шуынан бір сәт бой жазып, демалуға таптырмас мүмкіндік. Ашық аспан астында жиналған меймандар, алаңсыз көңіл көтереді. Мыңдаған адамды бір алаңға тоғыстырған оупен-эйр мәдениеттің ажырамас бір бөлігіне айналғандай.
Тимур Балымбетов, жүргізуші, инфлюенсер:
– Пикниктің ең біріншісінен бастап, жыл сайын баруға тырысамыз. Биыл менің ойымша шамалы тығыздау сияқты, адам өте көп. Бірақ олда жақсы көрсеткіш, жылдан-жылға қосылып жатыр. Оның үстіне мәдениет, музыка, көптеген ойындар, субкультуралар кездеседі, тоғысады, өте күшті шара.
Пикник көпшілік үшін жазғы маусымның ресми ашылуы сыңайлы. Ал кейбіреуіне сән көрсетілімі іспеттес. Биылғы арт-шараға арнайы таңдалған образдар ерекше көзге түсті.
– Мен өзімнің поп-дивам Дуа Липадан шабыт алдым. Өткен жылы оның концертіне дәл осы образбен барғанмын. Бүгінгі фестивальде неге сол аутфитті қайталамасқа деп ойладым.
– Қазір етіктермен образдар трендте. Сондықтан аяқ-киім менің образымның негізі болды. Мен жаңбыр жауады деп ойлап, алдын ала сақтанғым келді.
Алматылық элита бас қосатын опун-эйрде танымал медиа тұлғалар жетерлік. Мәселен, Фариза Ескермес пен Балжан Бидаш шараға келуді жыл сайын әдетке айналдырған-ды.
Фариза Ескермес, актриса:
– Образды мен ойда-жоқта таңдадым. Тез-тез. Не киерімді білген жоқпын.
– Мынау негізі топик, ал мынау негізі галстук.
Балжан Бидаш, әнші:
– Жалпы өзіңіз пикникке жиі шығып тұрасыз ба?
– Пикник маған қатты ұнайды. Өйткені, табиғаттан сондай әдемі демалыс, ерекше энергия аласың. Бірақ көп адам оның ләззатын түсіне бермеймін
Ал кеш хэдлайнері – ТМД-ға танымал жұлдыз Иван Дорн! Музыкант сахнаға шыға сала тыңдарманмен еркін сұхбат құрып, джаззи-фанк стиліндегі әндерін шырқады.
Барлығының назарын аударған ерекше жайт артистің өз жанкүйеріне деген құрметі. Өнерпаз көпшілік арасынан «Иван Дорнмен ән салғым келеді» деп плакат ұстап тұрған қыздың арманын орындап, ерекше ілтипатын білдірді.
Камила, жанкүйер:
– Иван Дорнның адал фанатысыз ба?
– Иә.
– Қанша жасыңыздан бастап тыңдайсыз?
– 6-7 жасымда мектепке барар кезде мамамен бірге мектепке бара жатқан кезде бірге тыңдадық.
Осылайша 8 сағатқа созылған «Пикник by Partners» қонақтарға биыл да ерекше эмоция сыйлап, ұмытылмастай демалыс ұйымдастырды. Арт-шара енді Астана және Ақтау қалаларында жалғасын таппақ.