Құрмаш Махан жүрекпен сөйлейтін ерекше талант иесі. Оның әр әуенінде сабыр мен салмақ бар. Тыңдарманын айқаймен емес, ішкі тереңдікпен баурайды. Оның әндері сағыныш пен сырдың әуезді тоғысы. 30 жылын шығармашылығына арнаған артист, күнікеше жеке кешін берді.
Құрмаш Махан, әнші:
– Музыканттар керемет ойнап шықты. Халық керемет мені қолдады. Әрине ол ұнады маған. Ал енді өз өзіме баға бере алмаймын мен.
Музыкант шоу жасаймын деп әбігерге түспеді. Өнердегі әріптестерін де кешіне шақырып әуреге салмады. Лайф-бэндтің сүйемелдеуімен трек-листтегі 19 әнін жанды дауыста шырқады. Артист концерт өтерден 1 күн бұрын жақындарынан жене шара ұйымдастырушыларынан мазаламауын өтінген. Оған себеп:
Құрмаш Махан, әнші:
– Ол сезімді жеңу мүмкін емес. Өйткені дайындық кезінде мынау дыбыс звук басқаша шығып тұрады да, халық кіргеннен кейін плотность өзгереді. Сол кезде дыбыс басқаша шығады. Оның бәріне үйрену керек. Одан кейін қанша дегенмен мына қатты соғып тұрған жүректі тоқтату оңай емес.
Құрмаш Маханның репертуары екі ғасырдың тыңдарманын біріктіреді. Әншінің концерті кеш қонағынсыз өтуі, оның фиттен құр алақан дегенді білдірмейді. Артист осыған дейін Қазыбек Құрайыш, Абик Жексен сынды нью-скул өкілдерімен коллаб жасап үлгерген. Сұқбат барысында музыканттан жас өнерпаздан кімді тыңдайтынын сұрап едік, былай деп тіл қатты:
Құрмаш Махан, әнші:
– Аrо, Еңлік, Алем, Қазбек, Айқын, Мархаба Саби. Көп олар өте көп. Бәрімен мен доспын. Бәрімен араласып тұрамын. Олардан алатыным бар, оларға да беретінім бар. Жалпы солай.
Құрмаш Махан, әнші:
– Менің мына әндерімнің бәрі өзімнің өмірімнің парақтары, бөлшектері. Ол рас бір қызға 4 ән арналды мысалы. «Жан сырым», «Кездесу мен қоштасу», «Аңсарым» танымал болған әндер ғой енді. Бірақ мен қазір енді өзімнің аяулы жарыма арнап, 4 ән «Болашаққа хат» жаңа концерттен көрдіңіздер. Одан кейін «Өмірімнің көктемі», «Сен» және «Жарығым».
Құрмаш Маханның әр трегінің өзіндік тарихы мен кейіпкерлері бар. Ал бұл концертте тұсауы кесілген жаңа әндерінің өмірге келуіне ықпал еткен музасы, өзінің аяулы жары болып шықты. Айта кетейік, «Жарығым» туындысын жазуға музыкант 7 жыл уақытын жұмсаған.
Көрермен пікірі:
– Баяғы Құрмаш, сол Құрмаш. Сол Құрмашты тыңдап біз мәз боп Құрмаш боп қайтып бара жатырмыз.
– Құрмаш Маханды бұрыннан тыңдаймыз. Оқушы кезімізден тыңдаймыз. Сол үшін сүйікті әншіміз.
– Ең бастысы жанды дауыспен тыңдаған. Алдыңғы қатардан болды орын. Өте керемет әсерлі болды маған.