Masquеrade party! Бота Миа 27-ге толған туған күн кешін дүркіретіп атап өтті. Бетперде киген жұлдыздар жиналған патиге НТК ұжымы да шақырту алған еді.
Bota Mia, блогер:
– Wish list-ке тоқталайықшы. Бота өзінің туған күніне қандай сый-сыяпат күтеді?
– Барлық достарым сұрады. Не сыйласақ болады дегендей... Мен ештеңе сұрамаймын, қалаулары білсін. Тек қоймай Нұрдаулет сұраған соң, айттым.
NNN Бота-нын қалауын орындау үшін аянып қалмаған көрінеді.
NNN, блогер:
– Қандай сыйлық дайындадық?
– 600 мыңға алдым жүк сөмкесін. Ұната ма жоқ па көреді ғой енді.
Бағалы сыйын құшақтай келгендер қатарында - Дамеля Sweet-те бар. Көптен тасада жүрген блогер парақшасын неге өшіргені жайлы айтқысы келмеді. Жеке өміріндегі өзгерістер ме, әлде әлеужеліден шаршағаны ма, бұл бізге беймәлім. Бірақ құрбысын құттықтап, тілегін жаудыруға қарсы болмады. Танымалды сағынғандар болса, мархабат.
Дамеля Sweet, блогер:
– Бота нағыз еңбекқор қыз, айналасына әрдайым мотивация сыйлап жүреді. күнің құтты болсын. Бақытты бол ең бастысы.
Шоу-биз жұлдыздары, әлеужелідегі танымалдар бас қосқан пати-де Бота да сыйын аянып қалмады. Қонақтардың барлығына гауһар жүзік сыйға тартқан блогердің мәрттігі желі жұртшылығын таңғалдырмай қоймады. Неткен батпан құйрық дерсің.
Bota Mia, блогер:
– Кімді күтеді Бота? Мүмкін Асқарды? Шақырдыңыз ба Асқарды
– Асқарды шақырар едім. Бірақ әлі сезім енді айырылысқанымызбен бәрібір ұшқындар бар, энергетикамыз әлі үзіліп кетпесе де жақын адам. Мені көреді, мен де ол кісіні көремін. Туған күнімді жақындарыма арнайын дедім. Келесі жылы туған күнім болса, жараның ізі жазылса мен міндетті түрде шақырамын.
– Десе де біз күтеміз. Асқар кіріп келетін сияқты үлкен гүл шоқтарымен
– Келіп жатса, иә, қуана қарсы аламыын.
Біз Асқарды күткенімізбен, келмеді. Бірақ серінің жоқтығын Еркебұлан Тоқтар білдірмеді. Көлемді гүл шоқтарымен кіріп келіп, біраз жанды ойландырып тастағаны рас. Жастарды не байланыстыратыны бізге беймәлім, өздері де тісжармады.
Сыйлықтар тізімі мұнымен шектелмеді. Есімін жасырын ұстауды ұйғарған сері Бакуге жолдама тарту етіп, Бота-ны сол шаһарда күтетінін жеткізді. Өзі келмесе де жүрек жарды тілегін осылайша жеткізуді ұйғарған екен:
Бота-ның кешке тыңғылықты дайындалғанын аңғару қиын емес. Образын арнайы сәнгерге сеніп тапсырған блогер мейрамхананы безендіруге де аянып қалмаған.
– 5 млн шамасы. Менде продюсер бар, сол кісі декорацияға жіберді. Соның өзі 800 мың болып қалды.
Бота биік белестерді бағындырсам деп бекініп отыр. «Биыл әншілік мансабымды қолға аламын»,-дейді. Толықметрге түсуге де дәмелі екенін жасырмады.
Bota Mia, блогер:
– Жаңа жасқа қандай жоспарлар бар?
– Негізінде фильмдерге шақырып жатыр. Сол қаңтар, ақпанда басталуы мүмкін. Рамазан Амантай бір рөлдерге шақырып жатыр.
Сәттілік тілейміз. Жаңа жасыңыз жақсылығымен келсін.