«Балаларына көмек бермейді!» Осындай сынға қалған Әбілмансұр Серіков ұлымен бір фильмде бой көрсетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Roodmovie. Қазақстандық киноиндустрия жаңа жанрдағы фильммен толықты. «Құшақташы, мама» деп аталатын туындыда басты рөлде Мақсат Рақмет пен Гүлжамал Қазақбаева.

Мақсат Рахмет, актер:

Трейлерден байқадық. Желісінің басым бөлігі жолда өрбиді. Осы тұста көрермендің ұстап қалу қаншаолықты сәтті шықты деп ойлайсыз?

 

Roodmovie, яғни көбінесе жолда кетіп бара жатып, күшті сөйлесіп дидарласуға болады. Киноның соңғы жағындағы бұрылысы жойқын. Соңын күтіңіздер. Кино 1 сағат 12 минут, көрерменді жалықтырмайды деп ойлаймын.

 

Картина желісі жақынына жалпақтап өскен Жалғас пен тұрмыс қажытқан анасының оқиғасын баяндайды. Сапар барысында өткенді еске алған екеу жан-жарасын айтып ағынан жарылады. Күйбең тірліктің қамымен жүріп махаббат бөлуге қайраты қалмаған ананың да, мақтау мен мадақтауға зәру перзентінің де өз шындығы бар.

Мақсат Рақмет, атер:

«Ерекше толқып тұрмын!» деген жазба қалдырыпсыз. «Құшақташы, мама» басқа толықметрлерден неге ыстық болып тұр?

Бұған себеп көп. Біріншісін айтайын, мен үшін арнайы жазылған сценарий. Әмеңгерден кейін Алмат пен Қанат Рамазанның маған арнайы жазғаны. Биыл анамның дүниеден озғалы 15 жыл болыпты. Бұл фильмде қандай да бір жылы лебіз естісем бәрін анама арнаймын.

 

Жастайынан жесір қалып, қос құлынын жеткізсем деген еңбек әйелінің рөлін сомдаған Гүлжамал Қазақбаева бұл сол жылдардағы әйелдердің тағдыры ауыр дейді.

Гүлжамал Қазақбаева, Қазақстанның Халық әртісі, актриса:

Сол қазақтың басына күн туған заман болды бір кездері. Тоқырау заманы дейміз бе. Сондағы әйелдердің ерлігі, бала-шағаларын жетімсіретпей, ер адамдар барлығы жеке меншікке ауысып, ер адамдар жұмыссыз қалғанда әйелдер қолдарына күректерін алып шықты. Сөйтіп пол жуып, шемішке сатып, кітап дәптер әперді. Сондай әйелдерге ескерткіш деп ойлаймын мен.

 

Әбілмансұр Серіков Бұл жоба мен үшін ерекше дейді. Жоғары бағалауы бекер емес. Себебі ұлымен бір фильмде бой көрсету бақыты бұйырған.

Әбілмансұр Серіков, актер:

Жалпы енді өзіңнің қаныңмен, ұрпағыңмен бір киноға түсу бақыт қой енді. Ондай бақыт әкем екеуімізге бұйырмай тұр әзірше. Әкем екеуімізге бұйырмаса да балам екеуімізге бұйырып тұр. Сол үшін бір саханада тұрғаныма бақыттымын. Бірге кездеспедік. бұл менің жас кезімді, мен бұның үлкен кезін олйнадым.

Десе де ұлыңызға бағыт-бағдар беріп, кеңес айтқан кездер болды ма?

Жоқ, әзірше болмады. Кішкентай, органикасы жеткілікті өзінің жасына. Бірдеңе айту қауіпті Сындырып алуға болады баланы.

 

Кастқа таңдалғандар қатарында Зарина Кармен мен Нұрай Жеткерген де бар. Ендеше толықметрді үлкен экраннан тамашалаңыз!