Qazaq alemi. Нұрлан Қоянбаев үшін бұл кезекті картиналарының бірі емес, тұтас ұлтты оятуға бағытталған жобасы. Халықты бірлікке шақырып, ұлттың құндылықты насихаттауға бағытталған идеясын дамытып, тағы бір толықметрін жарыққа шығарды.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
– Бірақ кинодан басқа дүние бұл. Жалпы қазақ әлемі деген идеямыз бар. Сол бірлікке шақыру жобасы ғой. соны кино арқылы көрерменге айтып жатырмын. Ең басты ниеті, месседж, ойы дейді ғой, жалпы қай мемлекетте жүрсек те оқысақ та өз елімізді үлкен дәрежеге көтеру деген ой. Себебі, біздің қоғам мықты.
Қоянбаев шетелде фильм таспалаған алғашқы отандық продюсерлердің бірі. Киногер бұл жолы да әдетінен таңбаған екен. Толықметрдің басым бөлігі АҚш-та таспалаған.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
– Жалпы шетелде түсіру оңай емес. Бірақ неге шетелде түсірем, көретін оқушылар, студенттер, жастарда ешқандай шекара болмасын деген ойым.
Атауы «Qazaq alemi» болғанымен, «бірінші бөлімнің жалғасы емес» дейді режиссер. Бірақ көрерменге түсінікті боулы үшін логикалық байланыс жасаған.
Абылай Әшімов, режиссер:
– Бұл мүлде басқа фильм. Мұнда біздің дәстүріміз, тарихымыз жайлы жаңа мәселелер қозғалады. Біз жастар ұмытқан көптеген салттарымызды комедия арқылы насихаттап, астарында үлкен мәдениет жатқанын түсіндіргіміз келеді.
Кастқа таңдалған қатарында Азамат Сатыбалды мен Әсел Сағатова бар. Актриса кейіпкерім көрерменнің бойындағы елге деген сүйіспеншілікті оячтады дейді.
Әсел Сағатова, актриса:
– Мен Америкаға көшіп, сол елде жаңа өмір бастауды мақсат еткен қыздың рөлін сомдаймын. Бірақ бір сәтте оған маңызды шешім қабылдау керек болады. Қандай таңдау екенін, кейіпкерім қандай шешім шығаратынын киноға келіп көріңіздер.
«Qazaq alemi» фильмінің алғашқы бөлімі біраз дүрбелең тудырғаны рас. Көрермен көңілінен шығып, жақсы қаралым жинай бастаған тұста толықметр прокаттан алынады деген қауесет желдей есті. Мұндай ақпар тарауын, маркетингтік әдіске балағандар да аз болмады. Мән-жайды продюсерден сұрадық. Анау айтқанда кинотеатрлардан көрсетілуіне кедергі болмаған, бірақ месседжіне киліккендер табылған екен.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
– «Qazaq alemi» 1 шыққан кезде сондай ой туындады. Не кино, мақсаты қандай деп, бірақ қазақ әлемі қазақ кинотарихында бесінші орында касса жағынан. Бірақ каасса үшін жұмыс істемейміз, 5 орында бола ма, 10 орында бола ма.
Десе де «Qazaq alemi» картинасы былтыр үздік ондыққа кірген еді. Биылғы нұсқасы кассалық жиында топ жарсын деп тілейміз.