12 000 000! Нұрболхан Шарапов гонорарын айтты

Сообщить о проблеме с эфиром

Жаңа жыл кештерін шоу-биз жұлдыздарынсыз елестету мүмкін емес. Танымалдар да мереке қарсаңында өздеріне сұраныс артатынын жақсы біледі. Сондықтан гонорарларын қымбататып, барынша табыс табуға тырысатыны жасырын емес.

Нұрболхан Шарапов, актер:

Жаңа жыл жақындаған сайын кеш тізгіндейтін шоумендер бағасы қымбаттай бастайды. Сізде атақ та бедел де танымалдық та бар ғой. Сізде қалай? Гонорарды қаншалықты қымбаттатасыз?

Ооой, басталады астында сосын коментарий жазады бұған да сондай ақша төлейтіндер бар ма депБиыл Қызылордадамыз, шынымды айта берейін, биыл Қызылордадамыз. 8 күн бойы 1,5 млннан. Енді есептей беріңіз.

Менің ең сүйікті спикерім ғой, қалай бар солай айтады

 

Қызмет құнын қымбаттатқандар қатарында стендапер Аңсаған Садырханов та бар. Шарапов сияқты аспандатпаса да, 31 күні кеш тізгіндегені үшін гонорары сәл өзгеретінін жасырмады.

Аңсаған Садырханов, стендапер:

Мерекелік кештерді тізгіндейтініңізді білеміз. Жаңа жыл жақындаған сайын гонорар қымбаттайды ғой мамандарда. Сізде қалай?

Жоқ, дым өзгертпейміз. Сол баға, қалай болды, солай алатыны алады, алмайтыны алмайды.

31-желтоқсанға тапсырыс алсаңыз да сол бағада жүргізесіз бе?

егер 31-желтоқсан мені жүргізушілікке алсаңыздар, онда миллионға жетпейді.

 

Ал Айнұр Ілиясова мерекені отбасыммен қарсы аламын дейді. Бірақ жақсы қаржы төлесе, ұсыныстан бас тартпайтын сыңайлы.

Айнұр Ілиясова, актриса:

Отбасымды құрғаннан кейін бірде-бір рет жаңа жылдық тапсырысқа бармаппын.Өйткені балалар туғаннан кейін бұл мейрамды отбасымен өткізген, мен үшін, маңызды. Бірақ өте қомақты сома төлесе кім біледі. Барлығы ақшаға байланысты

Қанша төлесе отбасылық кешкі астан бас тартуға дайынсыз?

10 миллион төлесе, иә дайынмын.

 

Тізімді Forbes Kazakhstan жариялаған мәліметпен толықтырмақпыз. 36,5 млн. Егер жаңа жылдық отырыста «ИК» тобының өнер көрсеткенін қаласаңыз, осынша қаржы шығындауға дайын болыңыз. Ал жастар арасында кеңінен танымал Садраддиннің қаламақасы 11 млн теңге болса, Kalifarniya мен Мирас Жугунусов гонорарын 5 млн-ға бағалаған екен.