«Қызым» фильмі! Танымал актер Әбунасыр Серіков басқа амплуада бой көрсетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

НТК арнасының танымал жобасы «Мошенники» сериалының режиссері Олжас Нұрбай толықметр таспалады. Отбасы тақырыбын арқау еткен «Қызым» картинасы бүгіннен бастап көрерменге жол тартты.

Фильмде қандай ойды жеткізгіңіз келеді нақты?

Олжас Нұрбай, режиссер:

Ең басты нәрсе бұл отбасылық кино. Ешқандай жасанды нәрсе жоқ. Жүректкен шыққан дүние. Менің жүрегімнен шыққан дүние. Оны мақтап, даттайтын айтатын халық.

 

Басты рөлде танымал актер Әбунасыр Серіков. Талай комедияның жұлдызы болған ол, аталмыш картинада алғаш рет драманы ойнамақ. Көрермен үшін бұл күтпеген жаңалық болғаны сөзсіз...

Әбунасыр Серіков, актер:

Актерға ол драма ма, ол комедия ма оның айырмашылығы жоқ. Мұның ішінде бәрі бар. Оны халықтың өзі келіп көріп, халық сыншы ғой халық айтады.

Әкеніздің ойыны ұнады ма сізге?

Әбілмансұр Серіков, актер:

Әрине, әрине өте керемет. Басқа қырынан таныдым әкемді. Басқа жанрда көрдім. Өзімде соны қалайтын едім. Бір күшті бір драмалық киноға түссе екен деп армандайтын едім.

 

Баян Алагузова, Әбунасыр Серіков, Жазира Еркін, Мона. «Қызым» фильмінің актерлық құрамы мықты жасақталған. «Сәйкесінше, толықметрдің бюджеті де нарықтағы бағадан сәл жоғары болды»- дейді режиссер.

Актерлер еркелеген жоқ па сізге?

Олжас Нұрбай, режиссер:

Үнемі еркелейді. Ең ерке актер жақсы жағынан Әбеке. Баян ханым ерке. Жақсы жағынан ғой енді. Мен өзімде шынымды айтайын ерке режиссермін. Өтірік айтпай-ақ қояйын.

Әбунасыр Серіков, актер:

Өзі актер деген бала сияқты болады ғой. Актриса да сондай болады. Ұрысса жылай салады. Өкпелеп қалады. Жүректері бөпе. Сондықтан да, бір-бірімізге бұл дүниеде еркелемегенде кімге еркелейміз?

 

Картина 3 қыз бен олардың әкесі жайында. Фильмде бастф кейіпкеріді - Әбунасыр Серіков, тұңғышын - Алма Халмұханова, ортаншысын Жазира Еркін, ал кенже қызын Мона ойнайды. Баян Алагузова болса Серік-тегінің ғашығын сомдайды.

Жазира Еркін, актриса:

Баян Мақсатқызына өмірде қасында жүріп тамсану мен үшін тамаша энергия болды. Мен тіпті еліктеймін деп айтсам да болады. Біз әр түсірілім сайын келген кезде битіп сыртынан қарап отырамыз «Қыздар, қараңдаршы қандай әдемі» - деп.

 

Толықметр жалғыз басты әкесінің бақытын табу үшін жанталасқан үш қыздың оқиғасын бейнелейді. Асқар тауын жаңа таныстықтарға көндіру үшін арулар түрлі айлаға баруға мәжбүр болады.

Фильмді көргенде сіз жылап қалыпсыз. Сол рас па? Не үшін жыладыңыз?

Жазира Еркін, актриса:

Біз жалпы фильмді көргенде ғана емес, түсірілім алаңында да көп жасқа ерік бердік енді. Ата-ана тақырыбы ол әрқашан жүрекке жақын. Ата-анаға деген махаббат ешнәрсемен өлшенбейді. Ол тақырып қозғалған кезде жүрегіміз тебіреніп тұрады.

 

Қыздар діттеген мақсатына жетіп, әкесін үйлендіру қолдарынан келе ме? Жауабы үлкен экранда.

Әбілмансұр Серіков, актер:

Фильм керемет. Өте тамаша. Көп нәрсе түюге болады. Жалпы, әшейінде жылай бермейтін едік. Жылап қалдық ғой.

Гүлнұр Мамасарипова, кинопродюсер:

Өте бір басқаша түсіріліпті. Былай қарасаң отбасы. Үлкен есейген балалоардың ата-анасымен қарым-қатынасы. Бұрында көтеріліп жүр ғой. Бірақ бұл жолы өзіңше бір қолтаңба бар.

Әшім Ахметов, актер:

Фильм маған өте қатты ұнады! Олжас Нұрбайдың каждый кинолары стилі керемет, күшті кинолар. Сондықтан қатты ұнады. Актерлардың жұмысы, бәрі күшті.

Ғаділбек Жанай, әнші:

Қыз бен әке арасындағы шынайы махаббатты көрсете білген кино. Соңғы уақытта енді әкелер туралды кино өте жоқтың қасы деп айтуға болды. Өте керемет кино.