Аватардың ізімен! Қазақстанда тұңғыш рет анимациялық мультфильм таспалануда. Шығармашылық ұжым бұл жобаға керекті заманауи жабдықтардың барлығын арнайы Ұлыбританиядан тапсырыс берген. Айта кетейік, дәл осындай техниканың көмегімен «Marvel»-дің талай туындылары жарық көрген.
Еркебұлан Мырзабек, актер:
- «Аватар» сияқты системамен түсіріп жатыр. Бірақ енді «Аватар Аватар» деп «Аватар» күтпеуі керек көрермен.
Айдын Сахаман, режиссер:
- Қазақстанда алғашқы рет бұндай ауқымды жобада қолданыс тауып отыр. Әрине актерлардың эмоциясын анимация арқылы гиперболалық ойын арқылы сол әртістердің өзінің мінез құлқын, кейіпкерлердің мінездемесін жеткізу үшін осындай арнайы ойын тәсілі.
Мультфильм атауы - «Команда А. Миссия Айка». Отбасылық туынды жанұя құндылықтарын дәріптейді. Анимациялық картинада небәрі 5 кейіпкер. Ал образдарға актерлерді бекітуге жарты жылдан астам уақыт кеткен.
Айдын Сахаман, режиссер:
- Өйткені бұл жоба енді толыққанды 2 тілде болғаннан кейін орысша толыққанды, қазақша толыққанды 2 тілді актерларды іздеуге тырыстық. Одан кейін кәсіби әртістерді іздедік.
Чингиз Капин, актер:
- Кастинг былтыр жаз мезгілінде өтті. Жұмыс процессі қиын бірақ қызықты.
Анимациялық лентада Берік Айтжанов пен Сая Оразғалиева ерлі-зайыптылардың рөлінде. Жұптың ерке қызының досы болу Чингиз Капинге бұйырған.
Сая Оразғалиева, актриса:
- Мен үшін бұл жаңа тәжірибе. Ешқандай декорациясы жоқ кеңістікте өнер көрсету маған қашан да қызық болатын. Менің ойымша бұл нағыз фуррор жасайтын жоба болмақ. Себебі еліміздің нарығына жаңашылдық алып келетін сапалы туынды.
Чингиз Капин, актер:
- Бас кейіпкерге көмектесу үшін арнайы ғарыштан келген кейіпкерді сомдаймын. Оған өмірдің нағыз құндылықтары не екенін үйрететін боламын.
Еркебұлан Мырзабектің образы жасанды интеллект арқылы жасалған робот мысық. Актер ретінде шақырту алған әзілкештің пікірінше оған мұндай кейіпкерді сомдау жайдан жай тапсырылмапты.
Еркебұлан Мырзабек, актер:
- Робот мысық өзі сондай барлығына тиісіп қалған. Сұрақ қойсан, қырсығып андай жанама жауап береді. Өзіне жақпайтын адамдарды немесе өзіне жақпайтын элементтерге үнемі әзілмен тиісіп, шымшып жауап береді. Соны күшті орындап жатырмын деп ойлаймын шымшитын жағынан.
- Яғни, кейіпкерініз өзіңізге ұқсайды ғой?
- Кейіпкерім тиісіп сөйлгенеге ұқсайды негізі иә. Образға келеді кішкене. Соған бола алған шығар негіз. Қай бір актерлікпен шашып жүр дейсіздер.
Кәсіби актерлердің өзі бұрын соңды мұндай тәжіриебеден өтпегендіктен өнер көрсету оңайға соқпай жатқан көрінеді. Неге десеңіз техникалық себептер мен анимациялық лента қажет ететін күшейтілген эмоциялар.
Еркебұлан Мырзабек, актер:
- Ол жақта сен мысалы өзіннің дубльді ойнап болсаң, бұл жақта барлығына қатыса бересің және ана барлық экипировканы киген кезде мына басты қысып тастайды. Сонымен бірге ойнап жүру өте қиын екен. Кейде қатты бас ауырып кетеді содан.
Сая Оразғалиева, актриса:
- Иә, басында біз эмоциямызды жеткізе алмадық. Кейін режиссер Айдын бізге барлығын түсіндірді. Бұл жерде эмоцияны 10 есе көп етіп көрсету керек. Жаңа ғана біз Берікпен дәл осылай басқа киноларда ойнап тұрмайық деп әзілдесіп те алған болатынбыз.
Ауқымды туындының жүзеге асуына 2 жыл уақыт бөлінген. Шығармашылық ұжым дайындықтың өзіне 12 айын жұмсапты. Ал енді қалған бөлігі түсірілімге арналуда. Ендеше Қазақстандағы тұңғыш анимациялық лента сәтті шығады деген сенімдеміз.