Hulan-Aru, әнші:
- Кешіріңізші, Баян Мақсатқызы...
- Мынау шын шаш. Толығымен шаш.
- Баян Мақсатқызы бірден Аружан ПП, Аружан диета деп айтты.
- 1 миллионнан төмен көйлек жоқ бұл жерде.
- Кешіксен айыппұл салды.
Дүрия Қыдырбек, тілші:
- Құрметті, көрермен. Біз бүгін фабрикаға акелдік. Бірақ мұнда шикізат өндірмейді. Жұлдыздарды жарыққа шығарады. Локация BM production. Hulan-Aru-дың шығармашылығымен жақынырақ танысайық ендеше. Кеттік...
- Қайырлы күн, көргеніміне қуаныштымын!
Hulan-Aru, әнші:
- Мынау менің кішігірім осындай гардеробым. Бұл жерде күнделікті түсірілімге киетін киімдер. Reels, TikTok деген нәрселерге осы жерден алып киемін.
- Мынау шын шаш. Толығымен шаш. Бұл Алтын Адамнан шабыт алып жасалған образ. Ауыр. Салмағын көрсеңіз болады. Расымен де. Ән айту керек, бұнымен билеу керек. Өте ауыр.
Сахналық образдарды былай қойғанда сұхбат пен рилста Reels-тердің түсіріліміне де арнайы look дайындалады екен. Күнделікті образдары да атақты дизайнерлердің қолынан шығатынын байқадық.
Hulan-Aru, әнші:
- Көйлектердің барлығы әдемі. Көздің жауын алатындай, сөзсіз. Енді бағасын білгіміз келіп тұр. Айтасыз ба?
- Айтайын. Менің көйлектерім. 1 миллионнан төмен көйлек жоқ бұл жерде. Барлығы 1 миллион және одан жоғары. 900-950 мың. Өте қымбат көйлектер.
- Барлық шығынды Баян Мақсатызы өзі өтейді иә?
- Иә, өзі өтейді. Ол кісі енді көйлектерден, костюм дегендерден ақшасын мүлдем аямайды.
- Жарайсыздар. Туп тура 1 сағат дайындалдыңыздар. Сырттан бақылап тұрып еңбектерінізге тәнтіміз. Енді әрі қарай біз Аружанмен сұқбаттасайық. Қояр сауал жетерлік. Сізге де рақмет.
- Кейде болады ма сабақтарға кешігіп келетін кездер?
- Әрине болдаы. Болады иә. Штраф, штрафовать етеді бізді.
- Көп айыппұлдың құны қанша?
- Менде болған ол 50 мың теңге.
- Кәдімгі әрбір қателіктер ескеріледі ма мында?
- Иә, кешіксен айыппұл салды. Биге келмесен айыппұл салады.
Мақсатқызының талаптары жоғары. Қарамағандағы әр қыздың сыр-сымбатын да бақылауда ұстайды екен.
- Қазір кішкене еркелікпен, жаңа жылдық мерекелермен толғаным бар. Бірақ, Баян Мақсатқызы бірден «Аружан пп, Аружан фитнес» деп айтты. Қазір барып жүрмін. Бірақ Баян Мақсатқызы маған айтқан болатын тәтті жеме, Аружан саған жеугеп болмайды деп айтқан. Бірақ жегім келеді арасында. Сосын, жеймін.
- Кешірінізші дейміз бе?
- Кешірңізші Баян Мақсатқызы.
Сыр-сымбаты да, дауысы да бабында болу үшін Hulan-Aru күнделікті дайындалады. Хореографпен жаттыққан соң, вокал бөлмесінің есігін қақтық.
Hulan-Aru, әнші:
- Ал төрлетіңіз.
- Қош келдік.
- Бұл біздің кабинет. Осы жақта мен күнделікті вокалмен айналысамын. Осы жерде біздер ән айтамыз. Бұл менің ұстазым. Таныстырып кетейін - Гүлнара Нариманова.
- Енді біз сіздерді мазаламайық. Тек жалғыз сұрақ. Күніне, аптасына неше сағат, неше уақыт дайындаласыз? Соңы айтып өтсеңіз.
- Аптасына 3 рет дайындаламыз. Ал егерде бір ауқымды жоба, концерт болған кезде онда мен Гүлнар Наримановна сабаққа келейінші деп 4 рет те келемін.