«Ғашықпын саған»! Қазақстандық киноиндустрия мелодрама жанрындағы су жаңа фильммен толықты.
- Ғашықтық деген сіз үшін қандай сезім?
Жасұлан Көпберген, актер:
- Құстың қауырсынындай бір жұқа сондай сезім. Мен оны сындырып алудан қорқам қатты.
Жалын Тілеуберген, продюсер:
- Ғашықтық лап ете қалатын сезім. Ғашықтықта сен адамды бағалай алмайсың. Кемшілігін көре алмайсың.
Думан Еркімбек, режиссер:
- Мен үшін ең үлкен шабыт беретін сезімдердің бірі. Сол сезіммен жүрген кезде осы оқиға жазып басталған негізі.
Басты рөлде жас таланттар Жасұлан Көпберген мен Шұғыла Ещенова. Фильмнің желісі ауылдан арман арқалап келген қыз бен жігіттің махаббат оқиғасын баяндайды.
Шұғыла Ещенова, актриса:
- Әдемі әсер сыйлайтын фильм. Бірақ месседж тұрғысында кейіпкерініз көрерменге, қыздарға нені ұғындырады дейсіз?
- Жүректі тыңдауға. Қазіргі таңдағы қыздардың мінез құлқының көрінісі деп айта аламын мысалы менің кейіпкерімді және де оның белгілі точкадан келесі точкаға дейін бару линиясы біздің қыздардың көрініс. Сондықтан міндетті түрде көрсе ғой деген менің үмітім. Тілегім.
Фильм әдемі әнмен әрленген. Шығармашылық ұжым саундтрек пен музыка таңдау мәселесіне бей-жай қарамаған. Біраз әнді саралай келе желісіне сай келетін, тарихы ерекше әсер сыйлаған бірнеше нұсқаға тоқталған. Тіпті Аршаттың 9 жыл сыр сандықта сақтаған «Алматым» трегі де осы тізімге енді.
Жалын Тілеуберген, продюсер:
- Артында тарихы бар әндер. Кәдімгі бір-бірінен айырылған жастардың мұны. Жігіті қаза болған қыздың соңғы қоштасу сөзіне жазылған ән және де біздің фильмнің сюжетіне ұқсастығы бар және де екеуі бір-бірін жақсы аша алды фильм мен ән.
Фильмде Алматының әсем табиғаты мен көрнекті орындары айрықша бейнеленген. Мәдени астанамыздың бар сұлулығын жеткізу үшін аянып қалмадым дейді режиссер.
Думан Еркімбек, режиссер:
- Думан Еркімбек Алматының әсем табиғатын жеткізе алды ма осы фильм арқылы?
- Білмем, ойымда одан да үлкен, одан да көбірек болу керек еді. Оны көрермен айтсын. Былай қарсам жеткен сияқты.
Жалын Тілеуберген, продюсер:
- Біз бүгін ғана бір шетелдік дистрибюциямен сөйлесіп жатырмыз. Молдова, Грузия, РФ ұсыныстар жібереміз. Соған қарай ары қарай жұмыс істеп көреміз. Толыққанды фестивальді фильм деп айтуға қиын. Бірақ өзінің жарныдағы фестивальдерге жіберуге асықпыз. Сол нұсқаларды іздеп жатырмыыз.
Сценарий Жасұлан мен Шұғылаға арнайы жазылған. Сондықтан басты рөлдегі кейіпкерлерге кастинг жарияламадық дейді.
Жасұлан Көпберген, актер:
- Шұғыламен химия әрі қарай махаббатқа ұласуы мүмкін бе?
- Жоқ. Ол махаббатқа ұласуы мүмкін емес. Өйткені ол екеуіміз әріптеспіз. Жақсы араласамыз иә. Ешқандай да негатив жоқ арамызда. Біз бір-бірімізді сыйлаймыз, құрметтейміз. Бірақ ондай нәрселерде жұмыс ретінде қараймыз.
Бозбала мен бойжеткеннің махаббаты қоғамның сынақтарына төтеп бере ала ма? Қатігез Алматы ғашықтардың сезімдерін сөндіре ме? Өршіте ме? Жауабы 5 ақпаннан бастап үлкен экранда.