Блогер Сабина Мовлаева тыңдарманына жаңа тректер дайындауда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Блогерлердің арасында ән айту трендке айналды! Желі жұлдызы Сабина Мовлаева 2 ай бұрын Ая Фанкпен фит орындап. ел аузында болып еді. Кейін «Жарамай ма?» Трек шығарды. Бүгінде ол жаңа әндерін өңдеу процесіне кіріскен.

Жеке өміріңізді толығымен ысырып қойдыңыз ба? Әлде баланс ұстайсыз ба?

Sabina SSS, блогер, әнші:

Қазір қарым-қатынас құрсам, фокусым шашылып қала ма деген қорқыныш бар. Енді бұйырған адам табылар Бірақ бірінші жұмысты қойып тұрмын қазіргі таңда.

 

Еске саласақ, Сабина 18 жасында «FM» girls-band-інде өнер көрсеткен. Шығармашылығын қолға алған ару қайтадан продюсердің көмегіне жүгінбеген. «Маған өнердегі достарымның қоладауының өзі жеткілікті» дейді желі жұлдызы.

Sabina SSS, блогер, әнші:

Әншілік деген ол оңай нәрсе емес. Онда аз қаржымен жүрмейсің, бірталай ақша кетеді. Мысалы, «Өзінше» әнге 3,5 миллион кетті. Оның өзінде муд-видео мен әлеуметтік желідегі материалдарға.

 

Сабина «Тренд» атты жаңа релизінің үзіндісін біздің арнаға бірінші тыңдатты. Жас әнші тыңдарманына 1 емес, 2 үлкен туынды дайындап жатқан көрінеді.

Sabina SSS, блогер, әнші:

Біреуі «Көзіме қара», онда «Қара өзіңе» ғой негізі, ал мұнда «қара көзіме» дейді. Сырт келбетке емес, менің көзіме, жан д.ниеме үңілші деген мағынада.

 

Алайда Сабина Мовлаева әлі күнге дейін бағытын іздеуде. Жан дүниесі шығыс стилін қалағанымен, тыңдарманның көзқарасы оған әлдеқайда маңыздырақ екен.

Sabina SSS, блогер, әнші:

Негізінде менде авторлық әндер көп. Бірақ олар өтпей қалды. Менен мағыналы әндер сұрайды. Бірақ ол туындыларды халық былай көтермеді «Өзінше» сияқты. Сол себепті халық сұрағанын береміз.

 

«Өзінше» деп ән салып жүріп, жұлдыздардың өзіншелігі ұстады ма белгісіз, Сабина мен Аян Фанктың араларынан қара мысық өткен-ді. Мәселенің мән жайын сұрап едік, блогер былай деп жауап қатты:

Sabina SSS, блогер, әнші:

Енді қазіргі таңда дуэт дегенді қоя тұрамын. Фит деген қорқынышты нәрсе екен. Түсініспеушіліктер көп болды арамызда.

Ал концерт ше? Алдағы уақытта концерт бергіңіз келмей ме?

Бірінші мені қазір халық қабылдаса екен деймін. Киноға түссем да мені жамандайды. Блогыммен жүрсем де жамандайды. Әншілікке келіп жатсам да жамандайды.

 

Блогер, инфлюенсер, актриса, әнші. Шығармашылық жолы бастау алған Сабинаның әндері хит боллып, үміті ақталады деген сенімдеміз.