2017 жылы Аршат Хайролланың шығармашылық жолы «Түнде» атты альбомның жарық көруімен бастау алған еді. Музыкант сол кезде инди-рок жанрында ән салып, өзінің баритон тембрімен ерекшеленді.
Әнші бірқатар трегін жарыққа шығарған соң, Шымкентте алғашқы соло кешін бермекке ұмтылған еді... Алайда жергілікті тұрғындар ол шараға аса қызығушылық танытпай, Аршат концерт беруден бас тартты.
Алайда бұл жайттан кейін, музыканттың сағы сынып қалмады. Кейіннен өнер иесі хит тректерді дүниеге әкеліп, өзінің фан-базасын қалыптастырып үлгерді. Қазірде Аршат отандық кино нарықтағы біршама картина саундтректерінің авторы.
ARShAT, музыкант:
– Негізі көп жағдайда осы уақытқа дейін шығарып тастаған әндерімді сұрап жатады фильмдерге. Бірақ кейде бір фильмдерді қарап болып барып жазған кездерім де болды.
Хайролла-тегі сәуірде болатын алғашқы соло концертіне қызу дайындық үстінде. Иә, сіз шалыс естімедіңіз. Аршат қайтадан тәуекелге барып, кеш беруді ұйғарған. Бірақ бұл жолы Шымқала емес, мәдени астанамызда.
– Дайындық қалай?
ARShAT, музыкант:
– Керемет. Көреміз енді. Осы жолы енді басқа қырымыздан көрсетіп, таңқалдырамын деген үміттемін.
– Басқа жанрда ән айтасыз ба?
– Иә, түрлі жанрда. Тоже құпия болып қалсын.
Аршат бізге эксклюзив жаңалығымен бірінші болып бөліскенімен, егжей-тегжейлі ақпарат беруге асықпады. Оның өзіндік себептері де бар екен.
ARShAT, музыкант:
– Осы уақытқа дейін негізі интервьюларда айтып қоям да осындай ән шығайын деп жатыр, осындай әндерге дайындалып жатырмыз деп. Бірақ созылып кетеді айтқан кезде. Ұзақ уақытқа дейін жүріп қаламын. Сондықтан да қазір ешқандай алдағы келе жатқан жоспарларымды айтпауға тырысып жүрмін.
– Кімдермен фит жазасыз?
ARShAT, музыкант:
– Kyle Ruh, Kalifarniya, Nature from Asia, batysqazaqstan деген әншілермен.
Шығармашылық жолын 10 жыл бұрын бастаған, Аршаттың да бұл жоспары ойдағыдай орындалсын дейміз!