Шоу-бизнесте өзіндік ән айту стилімен танылған Назарбек енді тыңдарманын нәзік лирикамен қуантпақ. Әнші сандығында сары майдай сақтап келген каверді, 8 наурыз мерекесіне орай арнайы ұсынбақ.
NAZZARBEK, музыкант
– Бұл ән Арман жырым аруларым атты ән. Қыздарға, аналарға, аруларға арналған ән. Және бұл әнді мен сүйіп, жақсы көріп орындағаннан кейін домбырамды қайта қолға алып, бір осы жылы көктем әсер етті ма білмеймін, сондай бір жылы әнмен бастағым келді.
Айтпақшы, кинопродюсерлердің құлағына алтын сырға – әндерін бұрын тегін беретін Назарбек биылдан бастап ұстанымын өзгертуге ниетті екенін жеткізді.
– Туындыларыңызды саундтрек ретінде берген кезде, бұрын сіз ешқандай қаржы алмаған екенсіз, ал енді Назарбектің ол қағидасы өзгерді ма?
NAZZARBEK, музыкант:
– Сол қағида бар ғой осы жылдан бастап өзгеру керек сияқты. Өйткені өнер бағалану керек деген түсінік келіп жатыр. Бірақ, қазір бізде киноиндустрия қарқынды дамып жатыр, сондықтан әрине қаржылай берсе, қуанып қалармыз.
Репертуарында 30-дан аса әні бар өнер иесі: әр туындым өмірімнің бір парағы дейді. Жаңа бейнебаян қазақ тарихындағы ұлы әйелдердің рухына арналмақ. Идеясы Дина Нұрпейісова тұлғасынан бастау алып, ғалым-көшбасшы қыз-келіншектердің образымен жалғасады. Автор жаңа трегі нәзік жандылардың жүрегінен орын алады деп сенеді.
NAZZARBEK, музыкант:
– Өздеріңіз көріп тұрғандай мына картинада біздің халқымызға еңбегі сіңген әйгілі әйелдерді ескере отырып, осы кісілерге деген құрмет ретінде бейнеклипті түсіріп жатқан жайымыз бар.
Жақында камбэк жасаған музыкант алдағы шығармашылық жоспарларымен де бөлісті. «Фанаттарым көп емес, релиздерімді өнерді бағалайтындар жақсы түсінеді. Үлкен стадион жинамасам да, концерттер мен жеке кеш өткізу ойда бар» - дейді.
NAZZARBEK, музыкант:
– Негізі ниетте бар, сол үшін де жұмыс істегім келіп жатыр осы жылы. Жалпы концерттер, жеке кештер бергім келеді. Үлкен стадионды білмеймін енді. Әндерім ауқымды аудиторияға арналмаған.
Назарбек НТК арнасының «Мошенники» телесериалының музыкалық композиторы. Енді жобаның толықметрін де өзі көркемдемек. 5 жыл бұрын шыққан «Фальш» әні фильмге де саундтрек ретінде таңдалған екен.
NAZZARBEK, музыкант:
– Жалпы 1 маусымнан бастап мен кино композиторымын және менің «Фальш» атты әнім бұл сериалда басты саундтрек. Ол қуантады, себебі «Мошенники» жалпы басында түсіріліп жатқанда мен уайымдағанмын. Өйткені ол жерде жалғандық жайлы терең айтылған мәтінде.
Музыкант саундтрекке бейнебаян түсіргісі келеді. Жобаның шығармашылық авторлары да, клип таспалауды қалайтынын жеткізген. Әзірге, уақыт тапшылығына байланысты нақты күні беймәлім. Айта кетейік толықметр үлкен экранға 2-сәуірде жол тартады.
NAZZARBEK, музыкант:
– Ондай сондай сыбыс бар. Бірақ қалай болады бұл жерде, продюсерлердің уақыты қалай болады. Себебі, қазір толықметражды фильмді дайындау үстінде бәрі. Түсірілмей жатса, бәлкім өзім қолға алып түсірермін деген ниет бар.