Көп ұзамай олар парыз бен махаббат арасында таңдау жасауға мәжбүр болады. Осылайша Алматының ыстық көшелерінде танысқан екеу табыспай жатып сезімнен бас тартады. Екеуі де ел үшін үнсіз қызмет етуді таңдайды. Барлаудағы ғашықтарды - Айнұр Бермұхаметова мен Ержан Нұрымбетов сомдайды.
– Сіздің кейіпкердің Алла Елшінмен қандай да бір байланыс бар екені айтылды ғой. Осы туралы нақтырақ, олығырақ айта аласыз ба?
Айнұр Бермұхаметова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актриса:
– Енді, біз тек болжай аламыз. Бізде нақты ақпарат және дәлел жоқ ол кісінің барлауға жұмыс жасайды дегені. Десе де, біз оның сахналық образың алуға тырыстық. Алла Елшин шетелде бір бутикті басқарған. Жұмыс жасаған, түсінікті ол диордың музасы болған деген ақпарат бар.
Айта кетейік, қос актердің жұмысы сезімге толы репликаларды оқумен шектелмеді. Екеуі түрлі құпияға толы оншақты кейіпкерді ойнап, 20 сахнаны шеберлігімен түрлендірді десек артық айтқанымыз емес.
– Қателеспесем, бүгін бір ғана емес, бірнеше рөлді сомдадыңыздар?
Ержан Нұрымбет, актер:
– Ол - өмір сүру тәсілі деген. Ол бір сәтте екінш адамға ауысу тәсілі. Оны есептеп көрмеппін неше адам екенін, бірақ әйтеуір көп. Бір сәтте екінші адамды ойнайсың, қайтадан бірінші адамға ауысасың, осылай кете береді.
Қойылым бір қарағанда барлау қызметінің сырт көзге беймәлім, тұңғиық әлеміне бойлатқандай болады. Асылында спектакль тұсаулы қоғам, шідерлі сана жөнінде»,-дейді режиссер Әлібек Өмірбекұлы.
Сахнада Желтоқсан оқиғасы, Шәкәрім Құдайбердіұлының тағдыры мен ядролық полигонның қасіреті сынды күрделі тақырыптар тоғысады. Осылайша «режиссер қос кейіпкердің шідерлеулі махаббатын ел тарихының тұсаулы тұстарымен байланыстырдым» дейді. Сыбырлап айтылатын, дұрысы тіс жармайтын мәселелерді тұтас қойылым айналдыру оңай емес екенін де айтып қалды.
Әмірбек Өмірбекұлы, қоюшы-режиссер:
– Бүкіл менің спектальдерімде, қоңырауларда бар, ескертулер де бар. Бронзалар да бар, бәрі бар. Бірақ, біз онлай нәрселерден қорқатын болсақ, онда біздің істеп жатқан нәрселеріздің бәрі развлечение болып қалмайды ма. Мен кешіріп сұраймын, осылай айтқаныма: «в свое время, царей развлекали артисты, я не хочу быть развлечением !»
Шығарма авторы - Бақытжан Қаратегі. Ешкім біле бермейтін барлаушылардың құпия қөызметі туралы жазған бұл кісі Өзін дипломатпын деп таныстырды.
– Сіз осы оқиғаның куәгерісіз бе? Әлде естуші, тындаушы, жеткізушісіз бе?
Бақытжан Қаратегі, автор:
– Бұл нақты бір адамның тағдыры деп айтпаймын. Болмаса да болғаны сияқты деп айтып қояйын. Менен де кейде сұрайды: Ақжан қайда, Қосан қайда? Ақжан мен Қосан осы ішінде жүр.
– Қосан ол сіз емес пе?
– Ол қатты айтылған нәрсе.
– Мүмкін Ақжан үйдегі жеңешеміз шығар
Баулаушыларға кітап арнаудағы басты себеп үнсіз қаһармандарды ардақтау»,- дейді автор. Сондай-ақ, өскелең ұрпақты құпия қызметке қызықтырғысы келгенін де жасырмады. Жеткіншектер Джеймс Бондқа емес, өз мамандарымызға бас ұруы тиіс деп түйіндеді.
Бір жарым жыл пысықталып, 4 ай бойы сахналық нұсқасы дайындалған қойылым Алматы мен Астана көрермендеріне жол тартты. Енді спектакль өңір-өңірдегі театрсүйер қауымға да жетеді деп сенеміз.