15 жыл күткен премьера! Дәурен Серғазин алғашқы толықметрін 600 млн-ға таспалағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мен Алдармын, Алдармын!

Тура жолды таңдармын,

Адамдарды алдармын,

Адалдарды аңдармын!

Арайлым Сауытбек, тілші:

Араға 15 жыл салып, көптің сүйікті кейіпкері Алдар Көсе қайта оралды. Бұл жолы Алдар кімді алдайды, әлде өзі алданып қала ма? Жаңа кейіпкер, жаңа оқиға, жаңа айла, ендеше бірге білейік.

 

Адал мен арамның, айла мен ақылдың тартысын суреттейтін «Алдар Көсе» - енді толықметр ретінде ұсынылды. Айта кетейік, бұл Дәурен Серғазиннің алғашқы тырнақалды туындысы. Актер: «бес жыл бойы ойда жүрген идея, санаулы аптаның ішінде нақты шешімге айналды»,-дейді.

Өзіңізде бір ішкі қорқыныш болды ма, көрермен қалай қабылдайды екен деген сияқты.

Дәрен Серғазин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Әрине қорқыныш болды, әлі де бар. Көрермен көбісі сол қазір, сериалдағы тақырыпты, сериалдың атмосферасын іздеп келуі мүмкін, бірақ бұл сериалға тек жанама түрде қатысы бар, бұл басқа формат, басқа Алдар.

 

15 жылдан кейін қайта жаңғырған аңызды, таспалаудың да өз қиындығы болған. «Жобаны қолдайтын адам таппадық, тәуекелге бел буып, өз күшімізбен түсіруге шешім қабылдадық»,- дейді кинопродюсерлер.

Әділ Ахмет, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Дәурен екеуіміздің бұл алғашқы продюсерлік жұмысымыз. Біздің енді мынау қанша жылдық кинода, театрда жүргеніміздің үлкен септігі тиіп жатыр. Үлкен жеңілдіктермен, көпшіліктің көмегімен бітіп жатыр.

 

Фильмнің бюджетіде ауыз толтырып айтарлықтай. 600 миллион теңге! Бұл көрсеткіш – отандық киноиндустриядағы ең қымбат лента болып есептеледі. Сондай-ақ, авторлар халықты жалықтырып алмас үшін, бірнеше жанрды тоғыстырған екен.

Әшім Ахмет, актер:

Көрші үйдегі махаббат емес, екі ұлттың арасындағы, қыз бен жігіттің махаббаты, сол жайлы баяндалады.

Ал сіздің рөліңіз қандай?

Менің рөдім сол махаббатты құрту керек адам десең, махаббатты болдырмауым керек.

Алдар өз махаббатын таба ма?

Дәурен Серғазин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Бұл енді құпия әлі де. Бізге де түсініксіз. Бірақ Алдар жеке өміріне қалай қарайды екен деген түрткі болатын нәрсені тастап кеттік. Оны біреу байқауы мүмкін, біреу байқамауы мүмкін.

Осы фильмде өзіңіздің жарыңыз және ұлыңыз бой көрсетеді екен?

Бұндай информация қайдан келгенін білмеймін. Ләйім ұлым да болсын. Бірақ, иә жарым бар, өзіме ең жақын адамдар, бауырлар кім маған таныс, кім мені қолдады бәрін осы фильмге кіргіздім.

Дәурен аға айтып қалды, кімге сөзім өтеді соның барлығын фильмге шақырдым деп?

Әсет Иманғали, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Осы бастамасына, бір ауыз сөзін жерге қалдырғымыз келмейді, сондықтан жан-жағына шығып көмектескеніміз рас.

Тарихи фильмге түсудің қандай қиындықтары бар екен?

Ариан Худаштиан, актриса:

Негізі өте қиын болды. Атта шаба алмадым мен. Атта бір құлап алғаным бар.

 

Түсірілім жұмыстары Алматы қаласының аумағындағы ауылда өткен. Сондай-ақ, тарихи кезеңді дәл жеткізу үшін арнайы декорациялар құрылып, әрбір көрініс мұқият дайындалған-ды.

Дәрен Серғазин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Аңыз болғаннан кейін, бір көсіліп жасайық деп. Сондықтан біз мата іздеу барысында, Қырғызстанға, Қытайға барып арнайы маталар іздедік. Біраз шығындалуға тура келді.

 

Қу, зейінді Алдар Көсе халықты есейген кезеңімен баурайды. Фольклорлық кейіпкер оқиға барысында екі жастың қосылуына да ықпал етіп, сюжеттің дамуына серпін береді. Ал дәл осы туындыда ойнаған актерлердің шынайы өмірдегі ұстанымы қандай? Олар өмірде өтірік пен шындыққа қалай қарайды?

Соңғы рет қашан өтірік айттыңыз?

Соңғы рет есімде жоқ

Соңғы рет жаңа 13 минут бұрын өтірік айтқанмын.

Бір анандай крупный өтірік айтқаным есімде жоқ, анандай кешігіп қалған кезде айтатын өтіріктер болмаса.

Мен негізі өтірікті көп айтпаймын, айтатын адамдарды ұнатпаймын

Асылхан Төлепов, актер:

Бүгін енді керемет бір тұсаукесер болды! Мен алдымен шын жүректен осы ұжымды, түсірілім тобын құттықтағым келеді.

Мейірғат Амангелдин, актер:

Фильм ұнады, өте қатты ұнады. Екінші рет көріп отырмын Астанада да көрдім. Кішкене өзгеріс жасаған және жақсы жасаған.