Шоу-бизнес тек жарқыраған жұлдыздардың әлемі ғана емес, бітпейтін дау-жанжал мен айтылмаған шындықтардың алаңы. Соңғы уақытта «Даудың басы дайрабайдың көк сиыры» авторлық құқыққа келіп тірелді. Бірі “еңбегім бағаланбады” десе, енді бірі-бәрі заң аясында реттелуі керек дейді. Ал бұл тақырыпқа қатысты, үнемі медиа жиындарда бас қосатын өнер өкілдері не дейді?
Серік Ибрагимов, әнші:
– Жақсылықты ешқашан ұмытпау керек деп ойлаймын. Енді көбісі шүкір әйтеуір осындай күнді армандап келді ғой. Бірақ шығып алғаннан кейін де ұмытпау керек. Осыны еске салып тұру керек деп ойлаймын. Жан-жағындағы бауырлары, көмектескен жандар, композитор болсын, музыкант болсын, оранжировщик болсын.
Сахнада әншілік пен композиторлықты қатар алып жүрген өнер иелері де аз емес. Олардың кейбірі шығармашылықты тек табыс көзі ретінде қараса, бірі әріптестерінен қаламақы алмай, тегін сыйлап жатады. Ал Әли Оқапов болса, «әр туындымды өзім өңдейтіндіктен, мұндай келеңсіз жағдайларға тап болған емеспін», – дейді.
Әли Оқапов, музыкант, композитор:
– Заң жағынан ондай қатты терең білемін деп айта алмаймын. Бізде сол әлі де ескіше ауыз екі көбісі. Зерттеу керек деген ойға келдім өзім композитор ретінде.
Екеудің арасындағы мәселе бастапқыда келісімшартсыз жасалған жұмыс салдарынан ушығып, тіпті сотқа дейін жеткен еді. Алайда, әрең дегенде қара бұлт сейіліп, Баянсұлу мен Қуат Әбілдің жанжалы келісімге ұласты. Жақында ғана шығармаларға қатысты құқықтар рәсімделіп, екі жақтың келісімге келгені туралы бейнежазба жарияланды.
Келісімшартсыз жұмыс істеген Баянсұлу мен композитор Қуат Әбілдің келіспеушілігі әріптестеріне сабақ болды. Осы жағдайдан кейін, «Аузы күйген үрлеп ішеді» деп, өнер өкілдері «өзіміз ғой» деген өтініштің азайғанын айтады. Қобыланды Болат «киноға түссем де, бір сөз жазғызсам да. тек келісімшартпен жұмыс істеймін,-дейді.
Қобыланды Болат, әнші:
– Професиионалды тұрғыдан қараған кезде жұмыс енді, ол жұмыс қой иә. Келісімшарттармен жұмыс жасаған дұрыс шығар деп ойлаймын.
Жұлдыздардың арасында мұндай жағдайлар қалыпты құбылысқа айналған. Дегенмен, кез келген келіспеушіліктің арты оң шешіммен аяқталғаны жөн.