Мөлдір Әуелбекова, әнші:
KешYOU тобының 20 жылдығына шақырды. Ол қателеспесем көктемде болады. Сол себепті сол жерде мен қонақ ретінде сахнаға шығатын боламын қолдап. Өзіміздің тобымызды.
Әуелбекова жыл басында осылай деп сұхбат берген еді. Алайда қазір бұл ойынан айныған.
«Қисынсыз шоу!» деп бағалағаны – топтың 20 жылдығына арналған деректі фильм. Көрерменнің алтын құрамды аса мақтағаны ұнамады ма әлде айтылған шындық шабына тиді ме бізге белгісіз, әйтеуір кеште өнер көрсетуден бас тартқан екен. Бұл шешімі құлағына жеткен Алагөзова да үнсіз қалмады.
Өкпеге қиса да, өлімге қимас. Фильмнен кейін Балжан Бидаш та ренішін білдірді. Редакторлар қыздар жайлы айтқан жағымды естеліктерін алып тастаған-мыс. Көрермен қанша теріс пікір жаудырса да Әнел Әрінова ғана ойын өзгертпеді.
Әнел Әрінова, KешYOU тобының экс-солисі:
– Фильмде бәрі шындықты айтуы тиіс еді. Яғни, әр қызға шындықты айтыңдар деген тапсырма берілді. Бірақ айта кетейін, ешкім шыншыл бола алмады. Бәрі сондай мәдениетті адам ретінде сұхбат берді. Алайда барлығы дерлік сондай тәрбиелі деп айта алмас ем. Иә, экран алдында олар керемет, сондай нәзік. Алайда шынайы өмірде сұхбатта айтқанымдай сүттен ақ, судан таза емес.
Әнелге айып таққандар жетерлік. Көпшілігі құрамнан кетуіме ықпал етті дегенді де алға тартты. Сонымен Әрінованың буллинг жасағаны рас па?
Әнел Әрінова, KешYOU тобының экс-солисі:
– Баян мен Бағым буллинг болды деді. Бірақ буллингті кім қалай түсінетініне байланысты сияқты. Қараңыздаршы, бұл топтың өз ережесі бар. Жаңадан келген солиске біз бәрін үйреттік. Боянуды, сұхбат беруді. Оларға үйрену керек болды. Ал біз үйреттік. Мұны дұрыс түсінбегені өкінішті-ақ.
– Бар шындықты айттыңыз. Енді 29-мамыр күні сіузге буллинг болады деп қорықпайсыз ба?
Әнел Әрінова, KESH YOU тобының экс-солисі:
маған осы сұрақты жиі қояды. Көздеріне қалай қарайсыз дейді. Өте оңай. Бізде қалай қабылданған: Үлкендер келсе, кішілер көзін төмен түсіреді, солай емес пе?
Мөлдір ханымға дәл осы ұстаным жетіспей ме дерсің. Кім білсін, мүмкін ойынан айнып, кеште бой көрсетуге келісер. Оны 29-мамыр күні өтетін 20 жылдыққа арналған шоудан біле аламыз.