Әбілмансұр Серіков пен Қобыланды Болаттың арасынан қара мысық өткені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шоу-бизнесте жаңа тренд пайда болғандай. Соңғы кезде өнер адамдары тек сахнада емес, енді ұстаз ретінде де өз бағытын сынап жүр. Бірі мұны кәсіби тәжірибе бөлісу десе, енді бірі жаңа табыс көзі ретінде бағалайды. Осы бағытта мектеп ашқандардың бірі – Әбілмансұр Серіков.

Әбілмансұр Серіков, актер:

Мен өзім осындай жауапкершілік алғаннан кейін, әрі қарай алып кету керек болғандықтан, мен сабақты өзім беремін. Ал басқасына мен ештеңе дей алмаймын. Біреулерге солай ыңғайлы шығар бәлкім. Бірақ, маған осылай ыңғайлы.

Алайда бұл бастама бірден қоғам талқысына түсті. Әсіресе, жас актер Рауан Ахмедовті сенімді серіктес ретінде таңдауы, көпшіліктің күмәнін күшейтті. «Тәжірибе жетіспейді» деген пікірлер де айтылды. Ал Рауан мырза «ұстаздыққа ерте деп, сөгетіндердің сөзіне етім үйреніп кеткен»,- дейді.

Рауан Ахмедов, актер:

Енді айта береді ғой адамдар. Дегенмен сөздерінің де жаны бар ғой. Мынау кішкентай деп уайымдайды ғой. Мынау кішкентай болып қайдан білсін деп. Мен бар білгеніммен бөлісемін. Дұрыс я дұрыс емес деп айта алмаймын. Ондай пікірлер болу керек қой, бола берсін.

 

Қалай болғанда да, бұл бастаманың нәтижесі уақыт еншісінде. Әйтеуір, «сенген қойым сен едің» деген өкінішті жағдай орын алмаса болғаны. Айтпақшы, жақында ғана жары Гүлиямен бірге екенін ресми түрде жариялаған Әбілмансұр мырзаның, өмірлік серігі де өнерден алыс емес. Алайда, актер ғашығының бұл салада белсенділік танытқанынан гөрі, өз жанында тек қолдау білдіріп жүргенін қалайтын сыңайлы.

Әбілмансұр Серіков, актер:

Сабақ бере алмайды ау, енді ол кісіде ондай андай сабақ беретіндей білім жоқ қой. Сондықтан да ол кісіге әлі ертелеу.

 

Жалпы, мектеп ашу мәселесі, бұған дейін де дауға арқау болған. Танымал есімдердің атын пайдаланып, түрлі курстар ұйымдастырғандар да кездесті. Тәуекелге бел буып, жүгі ауыр бастаманы арқалаған Әбілмансұр Серіков «Мақсатым бетбейне болу емес, кәсіби мамандар дайындау»,- дейді.

Әбілмансұр Серіков, актер:

Қобыландыны шақырдым, олда менің досым бауырым ғой. Сыртта күтіп тұр қобалжып. Мұғалімдікке ол енді басқа қалада ғой, ол Астанада, мен Алматыда болғаннан кейін өкініштісі сол болып тұр. Бірақ, мен оған сеніп тапсырмас едім

 

Кімнің еңбегі нәтижелі болатынын уақыттың өзі көрсетері анық. «Ұстаздан шәкірт озар», демекші, оқушыларыңыз отандық фильмдермен шектелмей, болашақта Голливуд төрінен көрінсін деп тілейміз.