Тұрмыс құрмаған Бота Миа - ана болуға дайындығын бастап кетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйіп қалғаннан саусыз ба енді?

Bota Mia, блогер:

Не болған саған? Сәл битіп келе жатып, поворот не туда болған жағдайы бар енді.

Неге болмай жатыр?

Білмеймін, өйткені шындығына келгенде, қазіргі фокусым жұмыста. Енді арақатынастан шыққаннан кейін бірдең жаңа арақатынас іздемей, қой құрсын. Жұмыс жасайын, аяғымызға тұрып алайық деп, подушкамызды жасап алайық деп, кейін керек жігіт өзі- ақ тауып алады деген ниетпен жүрміз.

Бота мансап қууға бекінгені сонша бәрін бүге-шүгесіне дейін ойластырған екен. Жұмыс деп жүргенде репродуктивті жас күтпейтінін жақсы біледі. Сондықтан маманның көмегіне жүгініп, бұл мәселені де біржақты қылған.

Bota Mia, блогер:

Менің қазіргі жасап жатқаным аналық жұмыртқа жасушаларын қатыру деп аталады. Менің енді тұрмысқа 1-2 жылда шықпай қалсам, қазір енді жаспын ғой. Кейбір қыздар жүре береді, ой әне күйеуге шығамын, міне шығамын, жасы 30-ға келеді. Организм бәрібір де жасармайды ол. Сол үшін жас кезде аналық жасушаларды сау аман кезде, қатырып қойып қойсаңыздар, кейін өзіңіздің бала-шағаңызды туа бересіз. 40-га келгенде бала туа аласыздар.

Бота бұл жайлы тіс жармас бұрын біраз ойланған. Ақыры аяғы оқырмандарымен шынайы болуды таңдаған екен.

Bota Mia, блогер:

Мен осыны қорқып салатынымын. Ойбай, мен осыны салсам, халық маған ойбай, ұятсыз. Не істеп отырсың дей ма, менталитет. Бірақ, оны жақсы қабылдаған аудитория 90 пайыз қолдап, көп қыздарға сен айтсай осыны дейді. Жас кездеріңізде осы медициналық көмекке жүгінсең, кейін 40-50 ге келгенде, бала көтеремін десе, пожалуйста.

Егжей-тегжейлі түсіндірмеді, алайда биоматериалды мұздатып сақтау процесі бас-аяғы 2 айға созылды дейді. Көпшілік денсаулығы сыр бергеннен қабылданған шешім бе деп алаңдаулы.Алайда блогер бұл қадамыма сырқаттың еш қатысы жоқ дейді.

Bota Mia, блогер:

Иә, ол көбісі ойлап қалады екен. Бала көтере алмағандықтан жасап жатыр деп, жоқ ол кейін 40- қа келгенде, бала көтергім келіп жатса. Мысалы, Баян Алагузова. Қазір жасы енді 50-ге келіп қалды иә, 2 кішкентай бөбегі бар. Менде солай дайын тұрады.

Қысқасы, жақсы сері кездессе тұрмысқа шығуға дайын. Блогын ысырып қойып, аналық қызметке білеку-сыбана кірісуге де әзірмін дейді. Ал бұл жай ғана сақтық шарасы деп түйіндеді сөзін.

Bota Mia, блогер:

Енді, тұрмысқа шығу қалды. Енді, өзім көтеремін ғой , Алла қаласа. Өзімнің күйеуімнен.

Біз де тілекшіміз.Перзентханадан ақпар тарататын күн туар деп сенеміз. Алайда алдымен тойыңызға баруға асықпыз, Бота.