«Кешірім сұрамады!» Актер Шәріп Серіктің экс-сүйіктісі осындай мәлімдеме жасады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Осы оқиғадан соң Шәріп Серік көп жобаның кастынан сызылған еді, Кэнселге ұшыраған актер бүгінде көп көзінен тасада. Есесіне бұрыңғы ғашығы медиа кеңістікте белсенді. Танымалдар бас қосқан кештердің бірінде бой көрсеткен Бөтеева ханымнан хал-жағдайын сұрадық.

Біз сізден бір жыл бұрыңғы оқиғаны сұрай аламыз ба? Сіз қалай ол кезеңді өткердіңіз?

Әлия Бөтеева, блогер, модель:

Бұл жыл мен үшін жемісті. Себебі, мен бірден өзімді қолға алдым да алға ұмтылдым. Яғни, өзіммен жұмыс істедім. Ал фокус өзіңде болған кезде, бәрі жақсы бола бастайды.

 

Расында да солай. Блогер бүгінде Юрейжн фэшн уик-тің бренд амбассодоры атанған. Бірер күнде подиумға шығып, сәнгерлік қырын да танытпақ.

Сіз толығымен сол жағдайды жібердім деп айта аласыз ба?

Әлия Бөтеева, блогер, модель:

100 пайыз бәрін ұмыттым дей алмаймын. Сол сәтте бері пихологпен жұмыс істеуді тоқтатқан емеспін. Маманмен жұмыс нәтижелі. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Бірақ қайталап айтайын, толыққанды айықтым демес едім, әлі де уақыт керек.

 

Әлия көмекке жүгініп қана қоймай, жәрдемді қажет ететіндерге қол ұшын созуға дайын. Бір жыл бұрын оффлайн кездесу өткізіп, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған арулармен өз тәжірибесін бөліскен еді.

Әлия Бөтеева, блогер, модель:

Жекеме жазып кеңес сұрағандарға ешқашан жоқ деген емеспін. Иә, былтыр арнайы кездесу өткізіп, бар білеріммен бөлістім. Сол тренинг ютубта бар. Егер зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, әрі не істеу керегін білмесеңіз, көруге кеңес беремін. Мұндай жағдайға тап болғанда алдымен қандай қадам жасау керегін түсіндірдік.

 

Әлия жекеме жазып, ақыл-кеңес сұрайтындар көп дейді. Сондықтан болашақта барша аруларға арнап, ауқымды жоба жасамақ.

Әлия Бөтеева, блогер, модель:

Егер әйелдерге менің көмегім қажет болса, мен қашан да қуаныштымын. Себебі мен бұл кезеңді өткердім. Қаншалықты қиын екенін білдемін. Болашақта нәзік жандыларға септігі тиетін жоба дайындаймын. Бірақ нақты қандай екенін әзірге білмеймін.

 

Ал Шакенти сол кеткеннен мол кеткен. Алия ханымның сөзіне сенсек кешірім де сұрамаған.

Сіз Шәріп Серік мырзаны кешіре алдыңызба? Немесе ол сізден кешірім сұрады ма?

Әлия Бөтеева, блогер, модель:

Былай түсіндірейін. Сол оқиғадан кейін инстаграмнан сіз қандай видео көрсеңііз мен де соны көрдім. Басқа ешқандай қадам болмады.

Жеке байланысу, кешірім сұрау болмады ма?

Жоқ.

 

Автор: Д. Қыдырбек