«Рахат Фест»! Рахаттана демалу! Ашық аспан алаңына жиналған қауымның алған әсері осындай. 2022 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан фестиваль, биыл да жоғары деңгейде өтті.
Полина Ахметова, «Рахат Fest» ұйымдастырушысы:
– Белсенді дайындықты біз шамамен қыркүйек-қазан айларында бастаймыз. Өнер көрсететін жұлдыздармен келісеміз. Бұл өте қиын әрі күрделі процесс. Содан кейін ғана фестивальдің өтуіне мүмкіндік беретін серіктестер мен демеушілермен келіссөздер жүргіземіз.
Ауқымды шараның лайн-апта Raim, Зиверт, Dequine және Fly Project сынды жұлдыздар бар. Ал кештің шымылдығын – тәтті «Латтені» жақсы көретін, Raim ашты.
Көрермен пікірі:
– Әншілердің ішінен келетін болсақ Raim қатты ұнайды. Және Zivert бәрімізге ұнайды, сол кісіні тыңдау үшін келдік. Концерт күшті өтіп жатыр, адамдардың бәрі көңілді. Бәрінің өзінің вайбтары бар, міне менің жақын досым...
– Әсіресе Raim-ның бар әніне биледік. Сондықтан ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Келесі жылдары да келеміз деп ойлаймын, бізге бәрі ұнап жатыр.
Басты хедлайнерлердің бірі -Fly Project. Айта кетейік, бұл румыниялық топтың Қазақтанға алғаш келуі емес.
«Fly Project» тобы (Румыния)
– Керемет, атмосфера ерекше. Қазақстанда бәрі әрдайым күшті өтеді. Жақын арада қайта көрісерміз деп үміттенемін. Шынымды айтсам, мен Қазақстанды және сіздердің шоколадтарыңызды өте қатты жақсы көремін. Мұны айту үшін маған ешкім ақша төлеген жоқ, шындығым осы.
Опен-эйрден ТМД-ға аты мәлім Идрис Яхьяровты байқап қалдық. «Билетті 1 ай бұрын сатып алып, жақындарымды арнайы алып келдім»,-дейді желі жұлдызы.
Идрис Яхьяров, блогер:
– Концерт өте керемет өтіп жатыр. Мен өзімнің анаммен бірге келдім, достарымда бар қасымда. Әр жыл сайын келіп тұрамыз, сіздерге де келіңіздер деп кеңес беремін!
Сұраныстың артуы билет құнын өсірген. Алайда, қаржылық көрсеткіштердің өзгеруі келушілердің легін азайтпаған. Керісінше, мыңдаған адам сүйікті әртістерін көру үшін, алаңның аумағына бірнеше сағат бұрын ерте келіп алған.
Көрермен пікірі:
– 3 жыл болды қатарынан келіп жатқаныма, қатырнан келе жатырмын қалмай, жыл сайын билет алудан шаршамаймыз. Онымен қоймай біз Зивертті асыға күтіп жүрміз.
Тыңдарман Zivert-ті бірнеше сағат бойы тағатсыздана күтті. Сахнаға шыққан өнерпаз трек-листтегі 12 әнін орындап, жарты сағат бойы мінсіз вокалы мен ерекше хореографиясы халықты баурап алды.
Статистикаға сәйкес, биыл келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан екен.
Полина Ахметова, «Рахат Fest» ұйымдастырушысы:
– Қазір фестиваль аумағында 15 мыңдай көрермен жүр, нақтырақ айтсақ 15 530 адам жиналды. Биыл адам саны жағынан рекорд орнаттық деп айта аламын. Шынымды айтсам, биыл осындай адам жиналады деп күтпедік!
Автор: А. Сауытбек