Денсаулығы сыр берген Әмре аурухана жағалап жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қоңырау үні алыстап, уақыт зымыраса да, «Түлектердің» естелігі ешқашан ескірмейді. Бүгін «Студ Фест»-ке жастық шақтың жарқын сәтін аңсағандар жиналды. Тіпті, сонау жылдары қандай киім кигенін ұмытқандар да - осында.

 

2025 жылы Аренада стендап оқыған Дәке, бұл жолы «Түлектердің» басын қосу үшін барын салған. Әншілердің қомақты гонорарын айтпағанда, жарнаманың өзіне бірнеше миллионды судай сапырған.

Дәулет Исраил, блогер:

Маркетингқа қанша қаржы жұмсағанымды айта аламын. 8 миллион ақша кетті. 8 миллион деген негізі көп.

 

Лайн-апта Әлем, Әмре, Калифорния сынды «Сен тұр, мен атайын» дейтін «Кіл мықтылар» бар. Бірақ, олардың басын қосу ұйымдастырушыларға оңайға соқпаған.

Кіммен келісу қиын болды сізге?

Дәулет Исраил, блогер:

Ең ұзақ іздеген адамым бар, Ақылбек Жеменей ағамды ең ұзақ іздедім, ол кісіні қай сандықты ашып көрмедім, барлық сандықты ашқан шығармын, бірақ іздеу өте қиын болды.

Ақылбек Жемеңейдің номері сізде ғана бар иә?

Қазір сондай болып қалды, 55- 55 дейма сондай номер... Ағам өзінше...

 

Дәл осы сәтте Дәке ностальгияға толы сандықтың бетін ашып жібергендей болды. Өктем Алтаевтың «Ақ сәулемі» мен Ақылбек Жеменейдің «Қызыл өрігі» кештің қызуын арттырса, сахнаға 20 жылдан кейін қайта оралған Сырым Исабаевқа, жұрт дән риза.

Сырым Исабаев, әнші:

Осы тура қазіргі түлектеріміздің уақытысында менде «жас дәурен» деген ән шығып жатқан болатын. Сол әнді бүгін жастарға орындап бергім келіп жатыр. Қызықты, көңілді өткізу арманымыз, көңілінен шығайық!

 

Концерт барысында 9 өнерпаздың әрбір композициясы бэндтің сүйемелдеуімен орындалды. Ал Астанадан арнайы келген Әмре сырқатына қарамастан жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Amre, музыкант:

Осыдан бірнеше күн алдын ауруханадан шықтым, кішкене бронхит болып ауырып қалдым, даусым ауырып жүрген балаларға хабарласқанмын 1-2 күн келмесем қалай болады деп, бірақ шыны керек Дәкенің көңілін қимадым.

 

Дәке сізбен қатты әзілдесетін сияқты иә?

Нұржан Керменбаев, әнші:

Арамыз біраз жыл болса да. Мен 37-демін. Ол нешеде еді. Білмейді екенмін, енді менен кіші ғой енді...

 

Әр өнерпаздан кейін Дәулет стендап оқып, жанкүйерлерімен байланыс орнатып отырды. Ал алаңға жиналған 10 мың адам, Дәулеттің әйгілі «Дәмегүл Кәкеновна» образында шығуын күтті. Алайда...

 

Дәмегүл Кәкеновнаның образында сізді көп күтті, неге сол образда шықпадыңыз?

Дәулет Исраил, блогер:

Қорықтым. Өйткені ол образбен мен әйелді сомдам жатқан жоқпын ғой, ұстаздар қауымын сомдадым ғой. Сол себепті, артық сөз айтып қойсам, мүмкін бір артық қылық жасап қойсам, ұстаздар қауымына деген құрметсіздігім болып қалама деп қорықтым.

 

Автор: А. Сауытбек