Белгілі виолончелист Бағжан Октябрь енді өзін актерлік қырынан танытпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақ киноиндустриясы 90-жылдарды суреттейтін тағы бір картинамен толықпақ! «Ақ сәулем» фильмі әнші Өктем Алтаевтың өміріне негізделген. Идея авторы және толықметрі режиссері – Қанағат Мұстафин, ал продюсері – Рамазан Амантай.

Сценарий оқығанда қандай күйде болдыңыз, қандай әсерде болдыңыз?

Өктем Алтаев, әнші:

Бірінші оқыған кезде бір жыладым, екінші рет оқыған кезде екі жыладым, үш рет оқыдым үшеуінде де жыладым. Сценарий екі рет ауысты. Өйткені кино болғаннан кейін сәл көркемдеу керек, кейбір артық жерлерін алып тастау керек болады дегендей.

Қанағат Мұстафин, режиссер:

Шынымен де ағамыздың өмірбаяны өте киноға тұрарлық екен. 90-жылдары болды ғой өйткені оның жаңағы «Ақ сәулем» әні хит болған кезі. Қазір де екінші жаңағы леп алып, қайтан хит болып жатыр. Сосын Рамазан Амантаймен кездесіп, осы идеямды айттым.

«Ақ сәулем» жобасын таңдауыңызға не түрткі болды?

Рамазан Амантай, кинопродюсер:

Ағамның өзі айтып тұрғаннан кейін, ешқандай да отказ бере алмадым. Бір жағынан өзіме де қызықты болды енді. Тақырыптың өзі «Ақ сәулем» деп қойылды.

 

Толықметр 90-жылдары хит болған «Ақ сәулем» әнінің қалай дүниеге келгені, сол замандағы музыканттардың жанкештілігі көрсетіледі. Бұл лентада Өктем Алтаевтың рөлін сомдау бақыты кәсіби әнші әрі актер Нұрдәулет Карловқа бұйырған. Айта кетейік, ол кастингке келген 200-ден астам үміткердің ішінен таңдалған.

Нұрдәулет Карлов, актер:

Сосын кішкене салмақ тастау керек болды. Сол салмақ тастадық. Сьемка басталғанға дейін бір айдың ішінде 9 кг тастадым. Тренировкаға барып, боксқа барып. Сол төбелес сахналарың болады деді. Бірақ пока ешкіммен төбелескен жоқпын. Кеше таяқ жедік.

Өктем Алтаев, әнші:

Енді басты рөлдегі ойнап жатқан актер баланы қазір өзім көріп, өзімнің жастық шағымды көргендей болдым.

 

Ал Өктем Алтаевтың сүйген жарын сомдау мәртебесі актриса Бақытгүл Серікбаеваға бұйырған.

Өктем Алтаев, әнші:

Жаңағы біздің үйдегі апаларыңның, жеңгелеріңнің рөлін ойнаған кішкентай қызымыз да тура сол біздің үйдегі апалардың жас кезіндегісіне ұқсап тұр, ол да қуанып отыр.

Бақытгүл Серікбаева, актриса:

Бір қызығы Бағжанның концертінде мен өнер көрсеткен болатынмын. Сол кезде Өктем аға мені көрді да, мен ол кезде ондай фильм түсірілейін деп жатқанын білмеймін. Мені қарастырып жатқанынан мүлде хабарсыз болғанмын. Сол кезде Өктем аға тұрып, «Бұйырса фильм, білесің ғой иә» -деп айтты да.

Өктем Алтаев, әнші:

Сол қызды көрген кезде, алғаш көрген кезде, кино болатын болса осы қыз түссе екен деп ішімнен ниет жасаған ем.

 

Айта кетейік, фильмде Өктем Алтаевтың бауыры Сапарды, ұлы Бағжан Октябрь сомдамақ болған. Бірақ ол гастрольдеріне байланысты келісім бермеген. Бірақ, кинопродюсер Рамазан Амантай: Бағжан мырза эпизодта бой көрсетеді дейді.

Өктем Алтаев, әнші:

Бірақ ол жерде сөздер көп, диалогтар көп болғаннан кейін, біздің Бағжан киноға түсетін уақыты болған жоқ. Бағжанның қазір миында тек қана алдындағы гастрольдер. Қысқа бір рөл беріңдер деп жатқан. Ар жағын білмедім енді.

 

Бір қызығы, толықметрдегі барлық әндер жанды дауыста, бэндтің сүйемелдеуімен орындалады. Алматы облысында өтетін жобаның түсірілімі 26 күнге жоспарланған. Ал фильмнің бюджеті әзірге 200 миллион теңгені құрайды екен.

Қанағат Мұстафин, режиссер:

Өктем ағаның қара шаңырағына, туып өскен жеріне Қазығұртқа барып келдім. Барған себебім, сол локацияға сәйкес осы Алматы облысынан үйлер, жаңағы клубтар, кафелер табу үшін.

Рамазан Амантай, продюсер:

Ретро көліктер, ретро жалпы киімдер нелер, қалтаға ұрады өтірік емес. Сол үшін өз қиындық, өз машақаты бар. Одан мен ойлаймын, тарихи кино түсірген оңайрақ шығар деп ойлаймын.

 

Шынайы оқиғаға негізделген «Ақ сәулем» фильмі күзде көрерменге жол тартады!

 

Автор: Ш. Құсаинова