Телехикаялар

ПАТРУЛЬ 4-й сезон с 12 ноября в 19.50!
Кто такие полицейские? Кто-то говорит, что они ленивые бездельники, а кто-то заявляет, что полицейские сами нарушают закон. Но на самом деле они занимаются важным делом — защитой мирных граждан от преступников! Серик и Берик патрулируют целый район, и эта работа приносит им удовольствие! А когда есть любимая работа… можно и пообедать подольше!
Күрес
Бұл – грек-рим күресі жайында таспаланған алғашқы отандық туынды. Жоба барысында спорт, махаббат және қарапайым отбасы жағдайы бейнеленеді. Нағыз спортшыға тән қасиетті иемденген Омардың арманы – шынайы махаббатын кездестіру, әрі чемпион атану. Және бұл оның қолынан келеді!
Бюро
Бас кейіпкер аға лейтенант Максат ІІМ қызметінен Алматы қаласындағы Ұлттық Бюро департаментіне ауысады. Мақсат тәжірибесі мол қызметкерлер жұмыс істейтін қаржылық операциялар бөліміне жіберіледі. Мақсат алдына қойған тапсырмалардың барлығын мінсіз орындайды. Әрбір бөлімде кейіпкер бір қылмыстық іс ашып, болашақта ауысам деп жүрген, тергеу бөліміне тапсырады.
Бақытсыздар бағы Дүйсенбі - Бейсенбі 22:20
Махаббат пен оның жолындағы түрлі тартыс жайлы жаңа отандық телехикая. Қос ғашық Рүстем мен Ботакөз ата-анасының жіберген қателіктері үшін өмірдің кедір-бұдыр жолымен жүріп өтуге мәжбүр. Тіпті ауылдан келе сала, қисынсыз жайтқа тап болған Ботакөз сүйгенінің қаны бір ағасы екенін де білмейді. Қас-қағым сәтте дөңгеленген дүние, толғауы тоқсан тіршілік, өзекті өмір, тағдырға деген ұшқыр қиялы бар жандар жайлы тың телехикая
Қағаз кеме
Еліміздегі музыкалық бағытта таспаланған ең алғашқы телехикая. Оқиға желісі жоғарғы өнер мектебінде өтеді. Жоғарғы сынып оқушылары арасындағы достық қарым-қатынас пен махаббат жайлы баяндалатын алғашқы музыкалық хикая.
Teleport
Елордамыздың жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алып жүрген, тарих факультетінің студенттері Ұлттық мұражайда тәжірибе өтеді. Көне жәдігерлерді зерттеп, еліміздің тарихымен танысып, Қазақстанның ежелгі мәдени ескерткіштері арқылы таңғажайып әңгімелерді ашады. Сюжеттің өрбуі бойынша, кейбір жәдігерлер өткен ғасырдан көрініс тауып, сонау замандағы ата-бабаларымыздың қызықты әлеміне сапар шектіреді.
Ауылдастар
Қаланың еркіндігінде еш қамсыз өмір сүріп жүрген жігіт, әскерден құтылу үшін, ауылға жол тартады. Нағыз еңбекке тап болған Айбек - өмірдің екінші қырымен танысуға мәжбүр! "Вузеры", "Патруль" сынды көрерменнің көңілінен шығып үлгерген топтамалардың авторларынан тағы бір сыйлық - жаңа комедиялық хикая! Қалалық жігіттің ауылдағы қызықтарын бірге тамашалайық!
ВУЗЕРЫ
"ВУЗеры" - самый популярный комедийный сериал за всю историю казахстанского телевидения. Это приключения студентов, которые приехали в мегаполис из разных уголков страны. Добродушный толстяк Баха, хитрый южанин Толик, пара местных хулиганов - Габа и Хама, красавчик Жандос – полный набор персонажей, все как в жизни.
Метод ОрыStar
Қазақтар аққұба және көк көзді де болады, егерде олар - ОрыStar болса! Әлеуметтік кеңістікте атағы шыққан жоба, енді теледидарға жол тартты! Семен, Сергей және Женя есімді үш дос Instagram желісінде қазақ тілін үйренудегі жаңа тәжірибесімен танымал болды. Олар тілді заманауй коммуникациялық тәсілмен жаттайды. Тәжірибенің аздығын сезген сәтте, жігіттер нағыз қазақи ауылға жол тартады! Қонақжай мекенде қонақтап, жеткен жетістіктерін өз көзіңізбен көргіңіз келсе, жұмыс күндері 19:40-та НТК арнасынан "Метод ОрыStar" комедиялық хикаясын қосып, тіл үйрене отырыңыз!
Айжан
Эта история о смелой и вместе с тем наивной девушке, которая решила раз и навсегда изменить свою жизнь! Перебравшись из родного аула в большой мегаполис, Айжан встречает на своем пути успешного парня из богатой семьи. Вскружив ей голову, он бросает ее перед самой свадьбой, и Айжан, будучи беременной, остается на улице совсем одна. Перед ней стоит нелегкий выбор — либо остаться одной в большом городе с грудным ребенком на руках, либо вернуться в аул с позором.
Қазақпыз ғой
Юморға толы астары бар, әзілі мен шындығы қатар жүретін жаңа бағдарлама! Алты түрлі скетчкомнан тұратын 20 минуттық күлкінің кепілі десек те болады. Актерлермен бірге хандық дәуірге саяхат жасап, өзіңізді Үнді телехикаясының қақ-ортасында сезініп, екі бірдей аңғалақ тергеушілер мен келбеті келіспеген даяшы қыздың оқиғаларын, оңай ақша тапқысы келіп жүрген жолы болмағыш Секаны, «Тез-шоу» бөліміндегі елден-ерекше қонақтардың қызығын тек осы бағдарламада тамашалай аласыз!
Зауал
Семейная мелодрама, сюжет которой так сильно схож с реальностью многих казахстанских семей. На первый взгляд семья Айдаровых кажется очень успешной и дружелюбной. Но эта видимость всего лишь до первого дождя. Когда старший сын приводит в дом молодую невесту, все вдруг меняется с ног на голову. Постоянные ссоры, крики и скандалы с молодой келин, заставляют родителей задуматься о выборе сына.