Сериал қылмыстықтоптың өмірін көрсетеді, олар алаяқтықпен айналысады. Топ жетекшісі Дастан – білімді адам, психологияны жақсы біледі, кез келген адаммен тіл табыса алады. Оның көмекшілері – Асан мен Арман, оларды «торпедалар» деп атайды, олар қарыз алушылардан ақша өндіреді. Тағы бір «әріптесі» алаяқтардың карталарын рәсімдеген адамдарды іздейді, сол арқылы кейін ақшаны қолма-қол айналдыруды көздейді. Ілиястың мамандығы – IT саласы, ол кез келген нөмірді жалған жасай алады, сондықтан алаяқтық құрбандарына нағыз банк қызметкерлерінен қоңырау келгендей болады. Мақпал – диспетчер, ол барлық құрбандарға қоңырау шалып, оларды алдау үшін мынадай таныс мәтінді айтады: «Сәлеметсіз бе, сізге банк қауіпсіздік қызметі хабарласып тұр... 5 минут бұрын сіздің шотыңыздан 900 000 теңге сомасында ақша аударылды». Бұл сериалда ең танымал алаяқтық схемалары көрсетіледі, бұл картинаның мақсаты – ҚР азаматтарын алаяқтықтан қорғау және ескерту.
Полиция инкассаторлар Арсен мен Алуаның ізіне түседі, бірақ оларды ұстай алмай қалады. Ал, Дамир Диана мен Максаттың арасында бір нәрсе бар екенін байқап қалады. Енді ол не істемек?