Телехикаялар
Шыда 1,2
YouTube арнамызда
Бұл драма бүгінгі қоғамның өткір мәселелерін - отбасындағы зорлық-зомбылық пен әйел құқығының шектеуін қозғайды. Ерте тұрмыс құрған Айша күйеуі мен ата-енесінің қорлауына жылдар бойы төзеді. Төзімі таусылған келіншек ұлын алып, жаңа өмір бастауға шешім қабылдайды. Бірақ ел-жұрттың сөзінен қорққан Айшаның туған әке-шешесі қыздан бас тартады. Бақыт жолында Айша сынып кетпей, қиындықтарға төтеп бере ала ма?
105
YOUTUBE арнамыздан тамашалаңыз
Жаңа мектеп, жаңа орта. Бірақ бұл жерде буллинг заңдылыққа айналған. Аслан жүйеге қарсы шыға ала ма?
Параллель
Бала күнінен кедейліктен кұтылуды армандаған үш достың тағдыры. Олар таңдаган жол - алдау, қорқыныш пен опасыздык.
Оңай ақша үшін тағы нені кұрбан етуге дайын?
Мошенники
YouTube парақшамызда!
Сериал қылмыстықтоптың өмірін көрсетеді, олар алаяқтықпен айналысады. Топ жетекшісі Дастан – білімді адам, психологияны жақсы біледі, кез келген адаммен тіл табыса алады.
MEOW
Уже на YouTube канале
Сюжет ағайынды Самат пен Мараттың оқиғасына негізделген. Мараттың інісі Самат есірткіге тәуелді және ол бұл жаман әдетін ағасы мен анасынан жасырады. Бірақ көп ұзамай құпия ашылады.
ПАТРУЛЬ
Полиция қызметкерлері деген кім? Біреулердің айтуынша, олар жалқаулар, ал біреулердің айтуынша өздері заң бұзатынын қылмыскерлер. Бірақ іс жүзінде олар маңызды іспен айналысады — қылмыскерлерден бейбіт азаматтарды қорғау! Серік пен Берік ауданды күзетеді және бұл жұмыс оларға рахат әкеледі!
ЖБ
YouTube арнамызда
22 жастағы Ұлан,талантты дәрігер-интерн әрі футбол білгірі, армандаған аруына жақсы әсер қалдырғысы келеді. Оны қымбат көлікпен серуендету үшін, ол детейлингорталығында жұмыс істейтін досынан клиенттердің бір көлігін сұрайды. Бірақ, кездесуден кейін Ұлан Ринаттың көлігімен апатқа ұшырайды, көлікті жөндеуі үшінҰланнан ақша талап етеді. Қарызды төлей алмаған Ұлан оқиғалар тізбегінің құрбанына айналады: ол өзіне тиесілі емес көлігінен айырылады және екі адамғақарыз болып қалады.
Бақытсыздар бағы
Махаббат пен оның жолындағы түрлі тартыс жайлы жаңа отандық телехикая. Қос ғашық Рүстем мен Ботакөз ата-анасының жіберген қателіктері үшін өмірдің кедір-бұдыр жолымен жүріп өтуге мәжбүр. Тіпті ауылдан келе сала, қисынсыз жайтқа тап болған Ботакөз сүйгенінің қаны бір ағасы екенін де білмейді. Қас-қағым сәтте дөңгеленген дүние, толғауы тоқсан тіршілік, өзекті өмір, тағдырға деген ұшқыр қиялы бар жандар жайлы тың телехикая
Қағаз кеме
Еліміздегі музыкалық бағытта таспаланған ең алғашқы телехикая. Оқиға желісі жоғарғы өнер мектебінде өтеді. Жоғарғы сынып оқушылары арасындағы достық қарым-қатынас пен махаббат жайлы баяндалатын алғашқы музыкалық хикая.
Соққы
Заринада өмірінде бәрі оңай: мектепке бару, балалармен сабақтан қашу, қыздардан ақша тартып лау, бірдеңе сатып алу. Ол мінезі мен рухы мықты қыз. Мектепте Заринадан барлығы қорқады, ал үлкендер құрметтейді. Оның әкесі түрмеде отыр, ал анасы алкогольді ішімдікке қызығады. Анасы екеуі ескі пәтерде тұрады, қызды ешкім бақылауға алмайды. Күндердің бірінде, Заринаның анасы екінші рет тұрмысқа шығады. Жаңа өгей әкесі қызын аса жақтырмайды, соның салдарынан отбасында жанжал жиілей түседі. Зарина "кек алу" керек деп шешеді. Оның идеясын достары қолдап, өгей әкесі жасөспірімдердің шабуылының құрбаны болады. Бұл сәтті өз пайдасына асырған өгей әкесі қызынан құтылу үшін милицияға өтініш жазады. Аға полиция қызметкері бұл әрекетті бұзақылық деп жаза ретінде Заринаны достарымен бірге бокс спорт секциясына жібереді. Осы сәттен Заринаның өмірі өзгере бастайды...
103
Жедел жәрдем бригадасының жұмыс күндері қалай өтеді? Күн сайын қазақстандықтардың өмірін құтқаратын, әзіл-қалжыңы жарасқан, тіпті күлкілі емес өмірлік жағдайларда мұңаймайтын жандар туралы шынайы және өткір хикая көрермендерге жол тартады. Ситком кейіпкерлері - жүргізуші, фельдшер және оның көмекшісі. Әрқайсысының өз қиындықтары мен армандары бар. Бірақ олардың негізгі борышы: санаулы минуттар ішінде тез шешім қабылдау
Жұмбақ қыз
Гүлнар Жәнібекованың жолы болды: ол ақылды әрі сұлу. Университетті бітіргеннен кейін микробиолог мансабын армандайды. Бірақ жұмыс берушілер оған тым әдемі деп мән бермейді. Студенттік мансабы модельдік бизнес те тыныштық бермейді: мұқабаларға түсу, тиімді келісімшарттар, жанкүйерлердің назары. Бірақ Гүлнар өзін бақытты сезінбейді. Құрбысы Ақмарал Гүлнардың қайғысын түсінбейді. Сөйтіп олар ойын ойлап табады: Гүлнар әдемілігін жасыруға бел буады, әжесінің киімін киіп, өзінің жарқын келбетін күлкілі парик пен макияждың артына жасырады.Осы сәттен қыздың қосарлы өмірі басталмақ: қызметкерлер үшін ол сүйкімсіз, ақымақ қыз, достары мен отбасы үшін бұрынғы сұлу Гүлнар.
Түнде атылған оқ
«Түнде атылған оқ» телехикаясы бірнеше детективтік оқиғаларды қамтиды. Соның бірі орманда Мырзаш есімді жазықсыз қартты өлтіруден басталады. Оқиғаның басты жауыз кейіпкері – сатқын тыңшы, Орта Азия мен Қазақстан бойынша барлау мектебінің маманы, қазақ тілін білетін Черноносов. Оның мақсаты – бір снарядпен бірнеше ұшақты атып түсіруге қабілетті қару өндірісі туралы мәліметтерді жинау.
Внуки в ауле
Ауыл ақсақалы, қыңыр Жаңбырбай ата өлерінің алдында немерелеріне өздері ешқашан көрмеген, үйін, сиырын, Ақтөс итін және құны милиион доллар болатын 1 динарды мұра етіп тастап кетті. Бірақ мұраны алу үшін бір шарт орындауы керек: ауылда бір жыл тұру және аймағынан 24 сағаттан артық уақытқа кетпеу. Шарт орындалмаған жағдайда барлық ақша жергілікті әкімдіктің шотына аударылады.
Қыз қиялы
Арман қуалап үлкен қалаға келген қыздың жұлдыздар әлеміндегі сынаққа толы өмірі жайлы отандық телехикая. Басты кейіпкер ауылдан мегаполиске өзінің арманы – актриса болу үшін келеді. Алайда, сұлу қыз оқуға түсе алмай, бірақ тағдырдың еркі бойынша атақты жұлдыздың үй шаруасына көмектесуге жұмысқа тұрады. Ерекше мейірімді қыз тек анасымен ғана емес, ұлымен де ортақ тіл табысып кетеді. Оны білген анасы жастардың бірге болуына барынша ықпал етеді. Бірақ іс жүзінде бұның артында не тұр және қыздың тағдыры қалай өзгерер екен?
Бюро
Бас кейіпкер аға лейтенант Максат ІІМ қызметінен Алматы қаласындағы Ұлттық Бюро департаментіне ауысады. Мақсат тәжірибесі мол қызметкерлер жұмыс істейтін қаржылық операциялар бөліміне жіберіледі. Мақсат алдына қойған тапсырмалардың барлығын мінсіз орындайды. Әрбір бөлімде кейіпкер бір қылмыстық іс ашып, болашақта ауысам деп жүрген, тергеу бөліміне тапсырады.
Преподы
Басты назарда – Марат. Ол Қазақстанда туып өскен ең қарапайым жас жігіт. Біздің әрқайсымыз сияқты, армандайды, болашаққа жоспар жасайды. Өмірде ең бастысы Марат: жақсы ақы төленетін жұмысқа орналасқысы келеді, армнаындағы қызды кездестіріп, үйленіп, мықты отбасы болғысы келеді. Марат қалыптасқан адамның өмірін осылай көреді. Марат жоғарғы оқу орнына жұмысқа тұрып, көптеген жаңа адамдарды кездестіреді. Әріптестер біртіндеп жаңа достарға айналады. Өмір басынан аяғына дейін өзгеріп, барлығы таза парақтан басталады…
Сүйіктім
Тағдыр сынына толы Ажардың өмірі туған әкесі өте бай адам екенін білгенде күрт өзгереді. Бірақ бұл өзгерістердің кесірінен өз сүйгеніне қосылу үшін көптеген қиындықтарға тап болады.
Қазақпыз ғой
Юморға толы астары бар, әзілі мен шындығы қатар жүретін жаңа бағдарлама! Алты түрлі скетчкомнан тұратын 20 минуттық күлкінің кепілі десек те болады. Актерлермен бірге хандық дәуірге саяхат жасап, өзіңізді Үнді телехикаясының қақ-ортасында сезініп, екі бірдей аңғалақ тергеушілер мен келбеті келіспеген даяшы қыздың оқиғаларын, оңай ақша тапқысы келіп жүрген жолы болмағыш Секаны, «Тез-шоу» бөліміндегі елден-ерекше қонақтардың қызығын тек осы бағдарламада тамашалай аласыз!
Айжан
Бұл өмірін біржолата өзгертуге шешім қабылдаған батыл және аңғал қыз туралы хикая! Туған ауылынан үлкен мегаполиске көшіп, Айжан жолында бай отбасынан шыққан жігітті кездестіреді. Жүкті болып қалған Айжанды, жігіті үйлену тойына аз уақыт қалған кезде тастап кетеді. Жалғыз қалған Айжанның алдында қиын таңдау тұр - үлкен қалада баласын қолында ұстап тұру, немесе ауылға ұятпен оралу.