Телехикаялар
Ауылдастар
Қаланың еркіндігінде еш қамсыз өмір сүріп жүрген жігіт, әскерден құтылу үшін, ауылға жол тартады. Нағыз еңбекке тап болған Айбек - өмірдің екінші қырымен танысуға мәжбүр! "Вузеры", "Патруль" сынды көрерменнің көңілінен шығып үлгерген топтамалардың авторларынан тағы бір сыйлық - жаңа комедиялық хикая! Қалалық жігіттің ауылдағы қызықтарын бірге тамашалайық!
Метод ОрыStar
Қазақтар аққұба және көк көзді де болады, егерде олар - ОрыStar болса! Әлеуметтік кеңістікте атағы шыққан жоба, енді теледидарға жол тартты! Семен, Сергей және Женя есімді үш дос Instagram желісінде қазақ тілін үйренудегі жаңа тәжірибесімен танымал болды. Олар тілді заманауй коммуникациялық тәсілмен жаттайды. Тәжірибенің аздығын сезген сәтте, жігіттер нағыз қазақи ауылға жол тартады! Қонақжай мекенде қонақтап, жеткен жетістіктерін өз көзіңізбен көргіңіз келсе, жұмыс күндері 19:40-та НТК арнасынан "Метод ОрыStar" комедиялық хикаясын қосып, тіл үйрене отырыңыз!
Теңіз түсті махаббат
YouTube арнамызда
Сериалдың бас кейіпкері Ада келешегінен үміт күттіретін әрі табысты бизнесвумен. Ол туризм саласында қызмет етіп, келешекте бизнесін шетелде дамытуды жоспарлап қойған. Алайда Аданың жоспары сауық кештерінің бірінде бәсекелесімен кездесуден кейін күрт өзгереді. Ақтауға сапар, кәсібіндегі сәтсіздіктер, жақынынның сатқындығы және ғашықтық хикаясы…
Шыңға шық
Бұл интригаға , қастандықтарға, сәттілік пен махаббатқа толы оқиға. Басты кейіпкер Бегімай құрбысының түйіндемесімен Баян Мақсатқызының продюсерлік орталығына жұмысқа орналасады.
III интернационал
Сериал желісі еліміздің түрлі диаспоралары мен ұлт өкілдері өмір сүретін шағын ауылда өтеді. Бұл ауылдың кішкентай әлемі - қазіргі көпұлтты Қазақстанның үлгісі.
Зауал
Сюжеті көптеген қазақстандық отбасылардың шындығына ұқсас отбасылық мелодрама. Бір қарағанда Айдаровтар отбасы өте табысты және тату көрінеді. Бірақ бұлбір көргенде ғана. Үлкен ұлы үйге жас қалыңдықты әкелгенде, кенеттен бәрі аяғынан басына қарай өзгереді. Жас келіннің дау-шарлары, айқайлары ата-анасын ұлының таңдауы туралы ойлануға мәжбүрлейді.
Dostyq 99
Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген төрт достыңтарихы суреттеледі. Университетті бітірген соң, олар үлкен қалада қалып,бірге пәтер жалдап тұрады. Шымкенттен келген Еділ – учаскелік полицияқызметкері. Оқуды аяқтаған соң, байланыстарының арқасында полицияғажұмысқа орналасып, оны қаланың ең даулы ауданына жіберген, мұнда ол түрлікомедиялық жағдайларға тап болады. Семейден келген Рауан – үнемі жұмысіздеуде. Ол көпшіліктің бірі сияқты даңқ пен ақшаға құмар, сондықтанәлеуметтік желілерде белсенді. Петропавлдан келген Рамис – жеткізуші.Әр тапсырысы кезінде әрқашан қызықты оқиғаларды бастан кешіреді. Ақтауданкелген Даулет – спортшы, спорт кешенінде әр түрлі жұмыс істейді: фитнес-жаттықтырушысы,бокс немесе йога жаттықтырушысы.
Күрес
Бұл – грек-рим күресі жайында таспаланған алғашқы отандық туынды. Жоба барысында спорт, махаббат және қарапайым отбасы жағдайы бейнеленеді. Нағыз спортшыға тән қасиетті иемденген Омардың арманы – шынайы махаббатын кездестіру, әрі чемпион атану. Және бұл оның қолынан келеді!
ВУЗЕРЫ
"ВУЗеры" - қазақстандық теледидар тарихындағы ең танымал комедиялық телехикая. Мегаполиске еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттердің оқиғалары. Жақсы мінезді Баха, айла жасаушы Толик, жергілікті бұзақылар - Габа мен Хама, әдемі Жандос - өмірдегідей барлық кейіпкерлердің жиынтығы.