Топ туралы

   

        BLACK DIAL – 2016 жылдың аяғындағы YB Entertainment продюсерлік орталығымен құрылған qpop бағытындағы қазақстандық бойз-бенд.  Топ үш вокалисттен тұрады (KenG, Ray и Tachi) .  2017 жылдың сәуір айында топтың «Soile» атты әніне алғышқы бейнебаяны жарық көрді. Бір айдың ішінде ғана «Youtube» парақшасында бейнебаян бір миллион рет қаралған, ал бүгінде ол көрсеткіш шамамен екі есеге өсті. Бас кезінде топ бас жігіттен жасақталды, бірақ 2018 жылдың басында келісім-шарттағы шарттардың орындамауына байланысты екі рэппер топтан кетуге мәжбүр болды (L мен Teddy). Жігіттер өздерінің бірінші музыкалық альбомдарын шығаруды жоспарлап қойғандықтан, қазіргі уақытта қызу жұмыс үстінде. Топ жанкүйерлерінің атауын адалдық пен даналық символы болып есептелетін құзғынның құрметіне «Ravens» деп қойды.
      YB Entertainment компаниясы мен Black Dial тобы жұмысқа деген өздері орнатқан қатал талаптарын орындау үшін музыка сапасы мен сыртқы келбетіне аса жоғары көңіл бөледі. Сондықтан бола қолдағы материалдың үлкен көлеміне қарамастан, жігіттер жаңа туындыларын жарыққа шығаруға асықпайды. Себебі әрбір туынды белгілі бір сапалық стандарттарына сәйкес болуы шарт.  


KenG

     Шын есімі – Арсен Нарханов. Осы жылы ғана 17 жасқа толған топтың кенжесі мен еркесі. Алайда ерке бола тұрып, басқа да топ түшелері сияқты өз жұмысына өте тиянақты қарайды. Еңбекқорлығымен ерекшеленген KenG вокал, хореография басқа да барлық дәрістерге үнемі қатысады. Сонымен қатар KenG Шымкенттегі музыкалық колледж студенті. Әртістің өзі, ата-анасы мен продюсерлік тобы жоғары білімнің қаншалықты маңызды екенін түсінетіндіктен, KenG емтихандарын тапсыру үшін басқа қалаға жиі ұшып тұруы тиіс. Өзінің жасына қарамай, терең ойларымен көрермендердің ықылысына ие болды. 

 

 


Ray

     Ануар Ғабиден – топтың ең жұмбақ қатусышысы. Ray қандай болатынын болжау өте қиын. Топ қатысушыларына пародия жасаумен ерекшеленеді, алайда олармен ғана шектеліп қоймады. Бір мезетте өте күлкілі де жанасымды жігеттен аяқ астында сөйлемейтін, тұйық тіршілік өмірін ұстанатын жігітке айналады.  Кей-кезде оған себеп Ануардың Астанада қалған туған-туысқандарына деген сағынышы ма деп ойласан, кейде  алматылық қызығушылық оны шаршатып, ішкі дүниесіне тыныштық керек секілді болып көрінеді. Кезіндегі актерлік шеберлігі ме, əлде мінезінің табиғаты ма – түсіну қиын. Бір анығы  – жігіттің вокалынан лəззат алу керек. 


Tachi

     Шын есімі – Мұхамед Нығметияров. Топтағы орны – вокалист-тенор. Алты жастан бастап ән айтуды бастаған Мұхамед мектеп кезінен бастап түрлі байқауларға қатысып, жүлдегі орындарға ие болған. Tachi айтуы бойынша, топтағы ең басты нәрсе – бір-бірін түсінукшілік. YB ENT компаниясына келген сәттен бастап өзінің ән айту талғамын мүлдем өзгерткенін мәлімдеді. Қазіргі таңда гитара мен фортепианода ән шығарып, өзін композиторлық қырынан танытып жүр.