Жыл басында жағымды жаңалығымен қуантып, өмірлік жартысын жолықтырған Ayree, бүгінде келіндік қызметіне кірісіп кеткен. «Уақытымның көп бөлігін сүйіктіме арнағым келеді»,- дейді әнші.
Ayree, музыкант:
– Отбасылық өміріміз жақсы. Қазір енді бал айындамыз. Күшті, керемет жұмыс жасап жатырмыз бірге үйде өте керемет атмосфера біздің үйімізде. Отбасылық контент деп жатсыздар, енді біз қатты бір оған упор жасамаймыз. Жай ғана бөлістік жақсы жаңалықтармен.
Заңды некелесіп, қос жақтың құдаларын таныстырған жұп, үлкен тойды кейінге шегеріп отыр. Әйгерімнің жары Нүркен Қасымов болса, сүйіктісін енді ақ көйлекте көргісі келеді.
Ayree, музыкант:
– Менің күйеуім осылай айтса, жоспары бар, болады демек. Ал мен қолдаймын.
Еске салсақ, Нүркен - режиссер әрі клипмейкер. Бұдан бөлек, «Шам» атты трио құрып, әншілік мансабын да қолға алған. Ал жақында жұлдыз келіншегімен әдемі дуэт жазып, тыңдарманды қуантпақ ниетте.
Нүркен Қасымов, Ayree-дің күйеуі, әнші, клипмейкер:
– Қазір «Шам» тобымен әндер шығарып жатырмыз, ол жалғаса береді, бірақ Әйгерім екеуміз бөлек шығуымыз міндетті түрде. Қазір жұмыс барысындамыз.
«Енді ай сайын клип шығарамын» деп қалжыңдаған Ayree, алдағы уақытта тек сүйіктісімен ғана жұмыс істемек. Ал Нүркен q-pop ханшайымының ыдыс-аяқтың айналасында қалып қоймайтынына уәде етті.
Ayree, музыкант:
– Негізінде біз түсіре береміз бейнебасндарымызды. Маған негізі Нүркенмен жұмыс істеу ыңғайлы болады. Енді Нүркен қатты қызғанбайды дегендей ...
Нүркен Қасымов, Ayree-дің күйеуі, әнші, клипмейкер:
– Жоқ, жалпы басқа да режиссерлармен мықты- мықты танымал талантты клипмейкерлер бар ғой. Әр ән, әр клип әртүрлі қолтаңбамен шыққаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі даму болады.
«Сахнада айрықша образда хит тректер ұсынатын Ayree, үйде де дәл сондай мінсіз әрі бесаспап»,- дейді Нүркен. Тіпті ғашығына шабыт сыйлап, ерекше тағамдар әзірлейді екен.
Нүркен Қасымов, Ayree-дің күйеуі, әнші, клипмейкер:
– Өте нәзік асүйдегі Әйгерім, өте көп тамақ істей біледі. Жалпы қуанта біледі. Жұмыс жасап отырсаң кез-келген нәрсе әкеліп, көңіліңді көтеріп жұмысқа деген энергияңды арттырады.