Актер бұл жолы отандық жоба емес, Өзбекстан елінің ауқымды туындысында басты рөлде. Шетелдік картинаға арнайы шақырту алғанын айтып кино жұлдызы эксклюзивті жаңалығымен бөлісті.
Тәуекел Мүсілім, актер:
– Осы соңғы түскенім сол Өзбекстан елімен бірлесіп «Uch Qahramon». Ішкі істер жаңағы полиция қызметкерлері жайлы кино. Экшн боевик. Өте мықты жоғары деңгейде жоба шықты.
Мүсілім-тегі фильмде полиция қызметкері рөлінде бой көрсетеді. Экшн сахналардан тұратын атыс-шабысқа толы картинада Тәуекелмен қатар қазақстандық «Nomad Stunts» каскадерлік командасы да атсалысқан екен.
- Жақсы жоғары баға берді бәрі. Бәріне ұнады. Біздің экшн сахналардың барлығын біздің «Nomad Stunts»-тың талантты жігіттері қойды бәрін, атысатын, төбелесетін сахналардың бәрін.
Дәл осы толықметрді таспалауға едәуір қомақты қаржы жұмсалған. Оған себеп, фильмнің сюжеті бойынша орын алатын күрделі трюктар. Сондай-ақ, бұл фильмге Тәуекел Мүсілімді арнайы шақыртқан Өзбекстандық продюсерлер отандық актерге айтарлықтай жақсы гонорар төлеген.
- Жалпы Өзбекстан үшін бұл алғашқы ондай үлкен жоба. Бюджеті де кәдімгідей ауқымды. Көптеген көліктерді аударды. Үлкен автобусты көпірден лақтырды. Сондай күшті сахналар бар.
«Uch Qahramon» толықметрі желтоқсан айынан бастап Өзбекстан елінде үлкен экранға жол тартты. Жоба авторларының айтуынша, бүгінде картина жоғары бағаланып, көрермен көңілінен де шығып үлгерген!