Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Бүгін махаббаттан баз кешіп жүрген Алматылықтардың бәрі осында. Олардың басын қосқан әндері бұрынғысына деген сезімге толы хитмен Тұрар! Cахнада жүрген 5 жылдығына орай ұйымдастырылған концертке біз де қонақ болып келдік!
«Ешкімде болмаған концерт жасаймын!», - деп ұрандатқан музыкант Тұрар Ыдырыс, соло кешінде тыңдарманды өз бетінше таңқалдыруға тырысты. Жанды дауыстағы сүйемелдеу, ерекше коллаборация және сахна төрінде алып әріптермен жазылған ТҰРАР-дың есімі! Өнердегі 5 жылдығын осылай қорытындылаған хитменнің шоу-концерті үлкен масштабты қамтыды.
Марғұлан Әден, продюсер, блогер:
– Бұл концерттің дайындық барысында өзіңіз де болдыңыз. Мирастың концертінен несімен ерекшеленді?
– Бұл сұрақ енді қиын сұрақ қой. Сахна, сонымен қатар, енді Тұрардың өзінің стилі басқаша ғой, билетеді, арасында бір жылатып алатыны бар. Мираста енді романтика Сахнаға енді көрсеңіздер мықты сахна қойған ғой. Аспаннан ұшып шығуының өзі негізі көп адам істемеген, бірінші рет істеп тұр ғой.
Әр туындысы бұрынғы ғашығына деген махаббатқа толы Тұрар бұл жолы «Қызыл алма жеп өскен, әппақ қызды ап келем», - деп әндетті. Кеште анасына «жан-жағыңа қарап отыр», - деп ымдаған жұлдыздың жүрегі расымен бос па?
Әйелдерге деген құрметі ерекше музыкант бұған дейін 20 миллионға түсірген бейнебаянын экраннан қосып, Бағжан Октябрьмен өзгеше коллаборация жасады. Жанды дауыста, классикалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалған ән денені тітіркендіріп, көзге еріксіз жас үйірді.
Одан бөлек кеш қонақтары қатарында Мирас Жүгінісов, Raim және жақында ғана Тұрармен «Арамыз» атты жаңа релизін шығарған Akimmmich-те болды.
Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Мұндағы атмосфера өте ерекше. Тұрардың әнімен тыныстап, естелігін құшақтап отырған тыңдарманнан артық ешкім бұл сәттің қадірін түсіне алмасы анық. Ендеше олармен жақыннан тілдесіп көрейік.
Серік Ибрагимов, әнші:
– Күшті, бүгінгі концерт жоғарғы деңгейде болды шыныменде. Мен мақтанып тұрмын. Келген тыңдарман, көрерменнің бәрі бірге қосылып айтып жатыр. Не деген эмоциялар шығып жатыр. Ортасында жылап та алдық.
Ayree, әнші:
– Дыбыс, шоу, Тұрардың өзі. Өте жоғарғы деңгей. Менің ойымша ол кәдімгі әлемдік деңгей. Құттықтаймын!
– Қалай өтті? Ұнап жатыр ма?
Нүркен Қасымов, Ayree-дің күйеуі, клипмейкер:
– Өте күшті өтті Тұрар, 5 жылда бүкіл хиттарын шығарып жатыр. Рақмет Тұрар, тамаша
– Иә, біз құттықтаймыз, ууу!
Baha Puper, блогер:
– Тұрар жарайсың! Мен үнемі Тұрардың концерттерінен қалмаймын, мынау одан сайын тамаша болды.
– Концерт ұнап жатыр ма өзіңізге?
– Өте, өте қатты ұнап жатыр.
Ерекше шоуға ұласқан бұл концерт Тұрар үшін қиынға соқса да, көрермен үшін жақсы тәжірибе жинағанының көрінісі іспеттес.
Тұрар Ыдырыс, музыкант:
– Көп күткен концерт болды. Сол 5 жылдық еңбектің нәтижесі дегеннен кейін, сондықтан бір жақсы деңгей көрсетуге тура келді және сол деңгейді көрсеттік деп ойлаймыз.
– Ары қарай қай қалаларға барасыздар? Қанша уақытқа созылады?
– Ондай көп тур болмайды. 3 қала ғана қалды. Үлкен-үлкен қалаларға барамыз. Астана, Шымкент және Ақтау.
– Республика сарайында 2,5 адамға 20 млн теңгеге шығындалған едіңіз. 12 мың адамға жасалған концерт қанша қаржыны талап етті?
– 2,5 мың 20 млн болса, 10 мың адам қанша болады. Математикамен есептеп көруге болады. Дәл сондай соның 4 есе бағасы болады ғой.