Серік Ибрагимов, кинопродюсер:
– Шынайы оқиғаға негізделген. Мен өзім киноға келген сәтте берері бар дүние істегім келді. Менің киномнан кейін ойланса ой түйсе деп ойладық. Сондықтан да осындай дүниеге келіп тоқтадық. Сценарий бір досымыздың басынан өткен. Қазір мен асыра сілтеп, мақтамай-ақ қояйын. Бірақ күлетңн жері де, жылайтын жерің де бар.
«Арық сөйлеп семіз шығайын» деген продюсердің ойы орынды-ақ. Айтпақшы, трагокомедия жанрындағы фильмнің кастына блогер Сабиркин де таңдалған. Актриса фильмде бас кейіпкердің қызын сомадайды екен. Қызығы, актрисаның күйеуі фильмде де жолдасының рөлін ойнамақ.
Sabirkin, блогер, актриса:
– Эксклюзив!
–Жаңа ғана түсірілім алаңынан күйеуіңізді көріп қалдық. Ол кісі сұхбат бере бермейді. Камерадан қашады.
– Өзім де кішкене таңмын. Өзінің жұмысынан демалғысы келді ме, атмосфераны көргісі келді ме, ешқандай текст жоқ, ақсымда жолдасымның рөлін ойнайды. Эксклюзив, дебют десем де болады.
– Гонорар ортақ па? Жеке-жеке ме
– Жеке-жеке
Басты рөл журналист, тележүргізуші Гүлмира Дайрабайдың еншісінде. Жақында ене атанып, тойдың қамымен жүргеніне қарамастан жеке мансабынан да қол үзбей ұсынысты бірден қабылдаған.
Гүлмира Дайрабай, тележүргізуші, актриса:
– Қазір медиакеңістіктегі талай арулар екінші мәрте тұрмысқа шығып жатыр.Өзіңізде жеке өміріңізге қатысты осындай жоспарлар бар ма?
– Негізі айналып келіп осы сұрақты қоя ма деп ойлап едім… Мынадай бір орыстарда сөз бар: «как ты сыграешь в кино, оно может повторится в жизни». Жалпы айтады ғой қалыңдықтың рөлін 50 - ден кейінгі махаббатпен жасап жатырмыз. Кім біледі деген сұрақ. Жұмбақ болып қала берсін..
Нақтысын айтпағанымен «жоқ» деген жоқ. Соған қарағанда тойдың ауылы да алыс емес-ау деп топшыладық. Кім білсін, Динара Сатжан мен Айгүл Иманбаев бастаған медиа тұлғалар жас емес жұбайлар тізімін енді Гүлмира ханым толықтырып қалар. Осы сұрақты Қуаныш Шәкіржановқа да жолдадық.
Қуандық Шәкіржанов, актер:
– Ер адам болғаннан кейін қасына бірге шәйін ішетін , өмірдің ар жағындағы қиындығы мен қызығын, сондықтан адам баласы бақытты болуға күш-қуатын жұмсауы керек. Әлі білмеймін. Отырып әлі бір шешімге келген жоқпын. Әзірге жұмысымды істеп, достардың ортасында жүрмін.
Гүлмира Дайрабай, тележүргізуші, актриса:
– Рөліңіз туралы айтып беріңізші қысқаша
– Рөл өмірде көп кездесетін дүниелер. Мектепке оқыған бұрыннан махаббат болған 25 жылдан кейін қайта кездесіп, махаббат қайт оянып, бақыт құшағында болып, қайтадан той жасайды..
Фильм авторларының айтуынша, туынды әр көрерменге уақыттың қадірін ұғындырып, ата-анаға құрмет көрсетудің маңызын түсіндіреді екен. Продюсер осындай актуалды тақырыпты жеткізу үшін қарызданып жатқанын да жасырмады.
Серік Ибрагимов, кинопродюсер:
– Қарыз алдым дедіңіз ғой. Сомасы қанша, Серік Ибрагимовтың қанша қырызы бар?
– Көп сияқты?
– көп емес, 85 миллиондай..
Фильм үлкен экранға 11-қыркүйекте жол тартпақ. Жоба авторлары, көрерменді тосынсый күтіп тұр едп қызықтырды. Қалай таңғалтыратынын күзде білеміз.