Kyle Ruh алғашқы соло кешін өткізіп, жаңа альбомының тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Kyle Ruh, музыкант:

Альбомның аты неге “Ғарыштан сандық” өзіңіз ойлап таптыңыз ба?

Иә ондағы әндер стилистикасы, жанры музыкалық бір біріне мүлдем ұқсамайды. Сол себепті ол “Ғарыштан сандық”.

– Қанша уақыт дайындалдыңыздар? Қанша уақыт кетті?

– Негізі концерт екі ай алдын айтылды, бірақ біз музыканттармен бір үш төрт күн дайындалдық.

 

Концертте Кайлды қолдап келген қонақтар қатарында нью-скул жұлдыздары, Ninety one-дық Алем мен АСЕ, Yenlik және Мади Рымбаев сынды танымалдар бой көрсетті.

Yenlik, музыкант:

– Концертке ұсыныс жасаған кезде бірден қабылдадыңыз ба? Иә бірден. Себебі бізге Кyle-дың өнері өте қымбат, құрметті сол үшін сразу қабылдадық.

– Кайлдың ерекшелігі неде сіздің ойыңызша?

– Ерекшелігі өзіне шектеу қоймайды, вокалдық өзінің мүмкіндіктері соған көмектеседі да, өте сондай своеобразный дейдіғой, өте ерекше әртіс деп ойлаймын Кайлды.

ALEM, музыкант:

– Өте талантты әнші және де бірегей дара әншілердің бірі осы қазақстандағы, диапазоны және вокалдық техникасы қайталанбайтын әнші.

Мәди Рымбаев, музыкант:

Еріктің жақын досының бірісіз Кайл туралы қызықты бір факт айтыңызшы?

– Оны эфирде айтуға болмайды. Жоқ фактілер көп. Ойыма ең бірінші келетін факт – әнді он минутта жаза салатын адам. Он минуттың ішінде толық әнді жаза алады.

 

Кештің басты тосын сыйы, араға бірнеше жыл салып «Moonlight» тобының толық құраммен сахнаға қайта шығуы болды. Жігіттердің қарасы көрінген сәттегі «Айкезбелердің» қуанышын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

 

Концерт үшін жігіттер артық салмақ тастады деді, бұл ақпарат қаншалықты рас? Қанша келі тастадыңыздар?

– Енді ол сұрақты мына екі арық жақтан сұрамай ақ қойыңыз, екі ар жақтан сұрасаңыз болады.

Еркехан Абдолдаев, «Moonlight» тобының солисі:

– Екі салмақты қосылып алдық, Енді арада ұзақ жыл өтті шыны керек 5 жылдай ма. Енді әркімнің өз жеке өмірі бар демекші, жаңағы мен мысалы студияда отырамын постоянно, 83.5 болғанмын қазір енді құдайға шүкір 73, енді бірақ оның мақсаты әлі де алды да.

 

Шамамен 5 жыл бұрын топтық жұмысты тоқтатқан жігіттер сахнаға қайта оралуға қарсы емес секілді. Тек жанкүйерлерден сұраныс болса деп өтініштерін жеткізді.

«Moonlight»-тың фанатысыз ба?

– Негізі «Moonlight»-тың фанатымын.

– Бүгін концерт ұнады ма сізге қалай болады?

– Өте күшті әсер алдым, айтып жеткізе алмаймын, өмірі бұлай ашылып көрмегем шығармын! Концерттерде бүгін осы тап осы жерде айта алмаймын.

Бүгін «Moonlight» тобын сахнадан көрген кезде жүрегіміз елжіреп кетті, жылауға сәл қалды және де «Moonlight» тобының қайтадан сахнаға оралғанын қалаймыз.

 

Жеке шығармашылығын қайта қолға алған Ерік Төленов бұл кешпен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта ерекше коллаборациялар жасап, өңірлерді аралап, концерт беруді мақсат етеді.

 

– Бұл сіздің алғашқы ауқымды ән кешіңізғой әсеріңізбен бөлісіңізші?

 

Kyle Ruh, музыкант:

– Әсерім өте күшті, мұнша адам болады деп ойламап едім. Көп адамдар болды. Барлығы керемет өткен секілді

– Біз жаңа көрерменнің пікірін сұрап көрдік, барлығы тек қана Moonlight тобын айтып жатыр, енді осыдан кейін Moonlight тобы бірге өнер көрсетеді ме?

Оны білмеймін, оны балдар біледі. Иә мен үнемі қуана-қуана.