Нұргүл Нұғман мен Luina -ның «Әйел» әні бір аптада желіде желдей есіп, қоғамда резонанс тудырды! Бірі «керемет»,- деп жар сала жазса, екіншілері «орынсыз айқай»,- деп бағалап жатыр. Таңсық қабылдап жатқан тыңдарманды да түсінуге болады. Себебі арулар басқалар сияқты «әйел қырық жанды» деп әндеткен жоқ, «жетер» деп үндеу тастады.
Нора Нұғман, әнші:
– Осынша көп қаралым жинайды, тыңдарман арасында танымал болады деп күттіңіздер ме?
– Шыны керек, білдім, әйтеуір бір жерде жарады деген сияқты. Мен Luina-ға да айттым: «музыкасын маған бересің, жарнамасын өзіңе аласың!» - деп. Бір жыл жүрдік ойланып. Бірінші композиторға беремін келмейді, екінші композиторға келмейді. Содан кейін Esko- ны таптым.
Бейнебаянның басты кейіпкері – Сая Оразғалиева. Жақында ажырасқанын хабарлаған актрисаның туындада бой көрсетуі көрерменді елең еткізді. Сая отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды ма деп болжап жатқандар да бар. Бұл трек Нора мен Лудың құрбыларына қолдауы деп ұғыпты біразы. Анығын сұрадық.
Luina, әнші:
– Сая болғанда бұл сұраққа өзі жауап берер еді. Ілиясты да, Саяны да жақсы танимыз. Достар болған соң отбасында не болып жатқанын біліп жүреміз ғой. Бастысы қазір жақсы қарым-қатынаста. Себебі арада балалар бар.
Көптің көкейіндегі сауалдың жауабы осы. Luina құрбысының ажырасуын әннің жарнамасы ретінде қолданғысы келмеген-ді. Бірақ
Luina, әнші:
– Әннің тұсауы кесілген күні Сая маған хабарласып: «менің ажырасуым осы тректің жарнамасы сияқты болып қалдығой» деді. Бірақ біздің ондай ойымыз болған жоқ.
Тректің авторы тыңдарманына ESKO ретінде танылған Ескелді Қуандық. Сөзін жазып, әуенін сайлап қана қоймай, әннің орындалуын да жіті қадағалаған екен.
Luina, әнші:
– Студияға ән жазуға келгенде мен де әнге мінез беріп орындай бастадым. Бірақ әннің авторы мені басқа стихияда көретінін айтты. Яғни, Нора от десек, мен су болуым керек еді... Әйелдің түрлі мінезін, болмысын көрсеткісі келетнін айтты.
Нора Нұғман, әнші:
– Жұп болсын деп жатады ғой қазақтар. Әрі қарай коллабжалғаса ма?
– болады, иә. Luina екеуіміз сөйлесіп жатырмыз. Күтіңіздер. Әйел емес, еркек болады тақырып.
– Еркектер жайлы не айтамыз?
– Мақтаймыз. Біздің батырларымыздың рухын шығаратын ән шығаратын шығармыз...
Расында да қырық үйден тыйым қойып, қап-қара бөлмеге байлансаңыз, үнсіздігіңізге жетер дейтін сәт келді! Еркіндікке ұмтыл!