Белгілі кинопродюсер Құралай Анарбекова кезекті толықметрінің түсіріліміне кірісті. Картинаның режиссері – Анвар Матжанов. Ал басты рөлді сомдайтын Анарбектегінің өзі.
– Жаңа картинаның аты неге «Періште?»,
Құралай Анарбекова, кинопродюсер, актриса:
– Біз бұл жайлы көп ойландық, «Қанатсыз періште» болды, «Айжан» деп атайық дедік, одан кейін тағыда көптеген ұсыныстар болды, бірақта «Періште» деп атаған себебіміз осы фильмді қараған кезде, өздеріңіз түсінесіздер.
– Жаңа жобаңызға 4 жыл көлемінде дайындалыпсыз, бірнеше сценарист ауысыпты, қандай да бір келеңсіздіктер орын алдыма?
Құралай Анарбекова, кинопродюсер, актриса:
– Бір сценаристтермен жазып бастадым, бірақ маған толықтай ұнамады жазғаны, структурасы. Сондықтанда екінші сценаристке бердім, үшінсіне бердім, төртіншісіне енді соңғы сценарист Жәмид Көшірбай ағамыз болған.
Көбіне комедия жанрында фильм таспалайтын кинопродюсер бұл жолы драма түсіруге шешім қабылдаған. Ал шынайы оқиғаға негізделген картинада қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалады:
Құралай Анарбекова, кинопродюсер, актриса :
– Бұл фильмнен кейін менің ойымша жанұялық құндылықтар басқа дәрежеге өтеді деп және де әйелдер өздерін бағалай бастайды басқа қырынан көреді және де ержігіттер жанұя үшін ответственность көбірек алады деген ойдамын өйткені бұл фильмнен кейін адамдар ерекше тебіреніспен шығатындай эмоция жасағым келеді.
Картина 90-жылдарды бейнелейді. «Ескі заманның атмосферасын беру үшін неше түрлі реквизиттерді іздеп, біраз шығындалуға да тура келді» дейді Құралай Анарбекова:
Құралай Анарбекова, кинопродюсер, актриса :
– Бұл киноны біз тек қана көгілдір экранда ғана көрсетіп қана қоймай, фестивальдарға жібереміз деген жоспар бар. Енді сондықтанда көптеген қаражат төгіп жатырмын, сөздің шыны керек. Өйткені әрбір продюсердің өзінің қоржынында жақсы бір проекттер болу керек.
Кинопродюсердің айтуынша, аса танымалдылыққа ие болмаса да өте талантты актерлер кастқа қабылданған. Оған қоса таңдалған өнерпаздар да үмітті ақтап, түсірілім алаңында өздерін тек жақсы қырынан көрсетуде.
– Байқадық танымал актерлер емес, қиын болып жатқан жоқ па олармен бірге жұмыс істеу?
Құралай Анарбекова, кинопродюсер, актриса :
– Көбісі айтадығой: «неге жаңа актерлар алмайсыздар?» деп енді мен өзім тәжірибемде өздеріңіз білесіздер барлық фильмдерде мен жаңа кейіпкер ашамын жаңа актер ашамын олар енді содан кейін өте танымал болып кетеді. Сондықтанда осы жолы осы жобада ешқандай ассоциация бермейтін актерларды таңдауға бел будық.
Түсірілім уақыты 20 күнге жоспарланған. Ал «толықметр жаңа жылда көрерменге жол тартады!