Жазира Еркін birthday party жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Медиа кеңістіктегі танымал ару Жазира Еркін жаңа жасын атап өтті. Бірақ бұл жолы актрисаның таңдауы үлкен мейрамхана емес, шағын демалыс орнына түскен:

Жазира Еркін, актриса:

Негізі мен өзім осындай қарапайым кішірек жиындарды ұнатамын, мен қанша жерден әйтеуір той жиыннан қалмаймын ғой бүкіл жерде жарқырап жаңағы экстраверт болып көрінгеніммен, жалпы осындай табиғат аясында оңашада қыздармен рухани әңгіме айтып, өзара шүйіркелесіп деген сияқты сондай демалыстарды жақсы көремін.

 

Бүгінде Жазира Еркін бірқатар жобада басты рөлді ойнап жүрген актриса. Ал өнерпаз кезекті birthday party-іне сол өнердегі құрбыларын жинаған:

 

Туған күн кешіне арнайы шақыртылғандар сыйлық таңдауға уақыт жоғалтпаған сыңайлы. «Есесіне ең қажеттісін тарту еттік» дейді нәзік жандылар:

– Қандай сыйлық дайындадыңыз?

Фариза Ескермес, актриса:

– Ақшалай сыйлық.

Жарқынай Ханайым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса:

– Мен Ақшалай сыйлаймын.

Индира Сабирова, актриса:

– Ең керемет сыйлық – ол ақшалай сыйлық.

 

Десе де Жазира Еркінге алғаш болып ізгі тілегін білдірген жан құрбылары емес, мүлдем басқа адам болып шықты:

Ең бірінші кім құттықтады сізді?

Жазира Еркін, актриса:

Бір жақын адамым құттықтады.

– Қалай жақын адам?

– Оны айта алмаймын.

 

Туған күн иесінің жұмбақ жауабынан кейін, сұрақты төтесінен қоюды жөн көріп едік. Бірақ:

– Ал Жазира Еркіннің 28 жасында жүрегін жаулаған сері болды ма? Бар ма?

Жазира Еркін, актриса:

– Мен тұрмысқа шықпайынша мен ол сұраққа жауап бергім келмейді.

 

Креативті жақсы көретін блогер бұл жолы көйлек тіктіріп, дресс-код ойлап тауып әуреленбеген. Себебі:

Жазира Еркін, актриса:

Еркін Жазираның туған күні еркін болу керек.

 

Ашық аспан астындағы ерекше атмосфераға толы туған күн кеш қарайғанда үй ішінде жалғасты. Ал біз Жазира Еркінді жеке меншік мерекесімен құттықтай келе, өзінен бастап құрбыларының ізгі тілегіне кезек берейік:

– Ең көп естіген тілегіңіз қандай?

Жазира Еркін, актриса:

– Көбісі енді өнер мен менің жеке басыма қатысты, өміріме қатысты. Теңіңді тауып, серігіңе қосыл, бақытты бол дейді. Енді көбінесе айналаның барлығы менің тойымды күтіп жүр ғой.

– Тілегіңіз Жазира Еркінге?

Фариза Ескермес, актриса:

– Аржақта үлгермедім айтып. Бірақ бірінші НТК каналына айтып жатырмын. Жазирка, мен саған ең бірінші денсаулық тілеймін. Әрдайым денің сау болсын және үлкен творчестволық табыс тілеймін.

Индира Сабирова, актриса:

– Ана бақытын тілеймін, әйел бақытын тілеймін.

Жарқынай Ханайым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса:

– Жазираның түбінде, визуализациясында, ойында «Ай, осыған жете алмаймын-ау» деген бір бәрімізде арман болады ғой негізі. Сол бір армандарына жетсе екен деймін.

Таңшолпан Кинжембетова, актриса:

– Оның енді алар асулары, жетер биіктері көп деп ойлаймын. Сондықтан сол биіктерден көріне берсін.