Алексей Биляков, ҚР Халық әртісі, дирижер:
– Жобаға қатысты келіссөздерді сәуір айында бастадық. Музыкалық номерлерді дайындау біраз уақытты алды. Ал хор мен жеке орындаушылармен репетиция 2 аптаға созылды.
Бұл оркестрдің «Disney»-мен бірлесе жасаған 5-жобасы. Бұған дейін түрлі анимациялық фильмдердегі аты аңызға айналған композицияларды жинақтап ұсынған екен. «Сондықтан аталмыш жанрдағы киноконцерт біз үшін таңсық емес»,- дейді дирижер.
Дина Кистаубаева, идея авторы және event-producer:
– Киноконцертті live to picture форматында ұйымдастырдық. Бұл жанрда анимациялық фильм үлкен экраннан көрсетіледі, ал әуенді симфониялық оркестр, хор мен вокалистер сүйемелдейді. Осы арқылы біз көрерменді түрлі эмоциялық күйге бөлегіміз келді.
Шарада өнер көрсеткендер қатарында «The jigits» тобының солисі Алишер Егембердиев бар. Ал кішкентай Симбаның әуенін шырқау жас талант Жұмабай Әбілқайырға бұйырған.
Алишер Егембердиев, әнші:
– Бүгінгі шара айтулы. Себебі бұл туынды әр адамның жүрегінде ерекше орын алады. Зазу құсы кейіпкерінң әнін орындау бұйырды. Киноконцертке тыңғылықты дайындалдық. Осындай ұлы туындының бөлшегі болғаныма мақтанып тұрмын.
Әбілқайыр Жұмабай, кішкентай Симбаның әнін шырқаған өнерпаз:
– Қобалжу бар. Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып жатқаннан кейін дайынндық жақсы болып жатыр. Қызықты жағдайлар өте көп негіңзі. Келіңіздер.
Бірнеше буын өкілдерін ностальгиялық күйге бөлейтін айрықша жоба әлі бірнеше күн жалғасады. Өткенге саяхаттап, балалықтың тәтті үніне тыңдағыңыз келсе, «Арыстан патша» киноконцертіне асығыңыз, көрермен.