Араға 15 жыл салып «JCS» сахнаға қайта оралды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

«Жизнь была бы сказкой», «Мой дом» сынды танымал туындылардың орындаушылары «JCS» тобының ән кешіндеміз! Бұл жай ғана концерт емес, жанды дауыс пен нағыз ностальгиядан тұратын тарихи сәт!

 

JCS – 1997 жылы дүниеге келген танымал эксперименттік жоба. Сол кезде-ақ музыканттардың тректері хитке айналып, тыңдарманның оң бағасына ие болған.

«JCS» тобы:

– Бұл сәт біз үшін өте маңызды. Шыны керек, кешке ұзақ дайындалдық. Бұл концертте тек біз ғана емес, алматылықтар да асыға күтті деп ойлаймын. Сол себепті бүгінгі шара ойдағыдай өтеді деген сенімдеміз.

 

Осыған дейін тек шағын кеңістіктерде өнер көрсетіп жүрген әртістер, араға 15 жыл салып үлкен концерт берді. «Бұл ұзақ үзілістің де өзіндік себебі бар» дейді топтың жетекшісі Қазбек Спанов:

«JCS» тобы:

– Негізі себеп көп. Біз әрбір нәрсеге мұқият дайындаламыз. Мәселен, бір концерт беру үшін дайындыққа 15 жыл уақытымыз кетеді.

 

Топ солистері концертке 1 ай көлемінде дайындалған. Трек листтегі әндерге тоқталсақ, ескі туындылармен қоса, 5 жаңа релиз орындалды.

«JCS» тобы:

– Концертте тыңдарманымыздың жадында сақталған ескі тректер шырқалады. Сонымен қатар біз шағын тосын сый дайындадық. Бүгін ән сүйер қауымды жаңа релиздермен қуантатын боламыз.

 

Кеште әндер 2 сағат бойы тек жанды дауыста орындалып қана қоймай, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен шырқалды. Ал тыңдарман болса жұлдыздардың хит туындыларын бірге айтып, аңыз топқа деген ыстық ықыласы мен сағынышын білдірді.

– Концерт ұнады ма?

– Өте ұнады. Өте тамаша. Қазақстанда осындай тамаша топтың барымен мақтанамыз. Музыканттар әдеттегідей жоғары деңгейде өнерін көрсетті. Бүгінгі позитивті энергиялары үшін алғысымды білдіремін.

– Қазақстандағы ең үздік топ!

– Нағыз эстетикалық ләззатқа бөлендік!

– Концерт керемет өтті! Таңғажайып әсер қалдырды.